{metadescription}
Елімізде бензин бағасы қымбаттады
Елімізде бензин бағасы қымбаттады

Елімізде бензин бағасы қымбаттады

Үкімет халық көп тұтынатын тауар түрлерін қымбаттатпау туралы тапсырма алмай жатып, бензин бағасы көтеріліп үлгерді. Мұнай арзандаған сайын, қымбаттайтын жанармай бұл жолы да сол жүрісінен жаңылған жоқ. Ең өтімді бензин маркаларының құны бірден 3 теңгеге өскен.

Яғни, АИ-95 пен АИ-92 қымбаттап жатыр. АИ-95 бұған дейін149 теңге болса, бүгіннен бастап 152 теңге. Ал АИ-92-нің құны 129 теңгеге барған. Дегенмен, кейбір жанармай құю бекеттеріндегі сұйық отынның бағасы әлі өзгеріссіз тұр. Қымбатшылық себебін түсіндіретін әзірге бірде-бір шенді жоқ. Десе де, табиғи монополияларды реттеу комитеті мұның заңды-заңсыздығын тексеріп жатыр екен. Айта кетсек, бұған дейін Үкімет бензин құнын реттеуден бас тартып, бағаны еркіндікке жіберген болатын. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде