{metadescription}
Павлодарда белсенді топ  Ленин кентінің атауын өзгерте алмай жүр
Павлодарда белсенді топ  Ленин кентінің атауын өзгерте алмай жүр

Павлодарда белсенді топ Ленин кентінің атауын өзгерте алмай жүр

Елді мекенге Қазанғап бидің атын беруге тұрғындардың көбі қарсы шыққан. Ленинді әлі аңсап жүргендерді тіпті тарихшылар да бетінен қайтара алмапты. Жергілікті билік те жиналыста басым дауыс жинағандардың ығына жығылып, кент атын өзгертуді тағы бірнеше жылға кейінге қалдырды.

Махмет Демесінов Ленин кентінде 50 жылдан бері тұрады. 84 жастағы қария қайдағы бір коммунистер көсемінің емес, осы елге еңбегі сіңген қазақтың қабырғалы биі – Қазанғаптың есімін иеленген елді мекенде тұрғысы келетіндердің бірі. Биыл іске тарихшылар да араласыпты. Баянауыл округының аға сұлтаны болған Қазанғаптың Ертіс бойындағы қоныстардың іргесін қалауға қосқан үлесін сол мамандар дәйектеп берген екен.  

Махмет Демесінов, Ленин кентінің тұрғыны:

-«Өшкеніңді ескерсең өскендіктің белгісі, өшкеніңді ескермесең өшкендіктің белгісі» дейді. Солай ма? Ал енді біз халқымызға, елімізге осындай қызмет еткен дарынды, ақылды адамды қалай ескермейміз?Осы арадан 7 шақырым жерде оның мүрдесі жатыр.Осы арада бұрынғы мектепті салғызды.

Қазанғап бидің еңбегі мен ерлігін жұртқа айтып түсіндірген ынталы топты бүгін де жиналғандар үнсіз тыңдады. Тек жеме-жемге келгенде қашанғыдай қарсы шықты. Ленинді қимай жүргендер аяқасты қазына қаржысы үшін қам жей қалыпты.

Сейілхан Сейсенбаев, Ленин кентінің тұрғыны:

-Қанша миллион ақшаны кетіргенше осы ауыл атын өзгертеміз дегенше, халыққа жағдай жасап, жол, су істеп, содан кейін мен келісемін ауыл атын, ал пока уақыт әлі бұған келген жоқ. Қанша ақша кетіріп, халық құжаттарын айырбастағанша, қазіргі уақытта оның себебі жоқ.

Пікірі тағы екіге жарылғасын жергілікті билік басым дауыс жинағандардың ығына жығыла салды. Соған қарағанда, елді-мекен әлі біраз жыл «күн көсемінің» есемімен қалатын сыңайлы.Бір ғасыр тарихы бар бұл кенттің қазірде 10 мыңнан аса тұрғыны бар. Бүгін олардың барлығы жиналмағанымен, ауыл атауын ауыстыруға қарсы болғандар басым болды. Ал Ленин атауын Қазанғапқа өзгертуді сұраған ынталы топ мүшелері болса мұнымен шектелер емес. Мәселені 4 жыл бұрын көтерген олар ауылға ақыры өңір тумасының есімі берілетініне сенеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде