{metadescription}
Ақтөбеде қоқыс жәшігімен жыныстық қатынасқа түскен жігіт халықтың үрейін ұшыруда
Ақтөбеде қоқыс жәшігімен жыныстық қатынасқа түскен жігіт халықтың үрейін ұшыруда

Ақтөбеде қоқыс жәшігімен жыныстық қатынасқа түскен жігіт халықтың үрейін ұшыруда

Ақтөбеде қоқыс жәшігі маңын паналаған қаңғыбас тұрғындардың мазасын қашырды. Ол тал түсте дамбалын шешіп, ойына келгенін істейді екен. Оғаш қылықтарынан қорыққан жұрт талай мәрте түрлі мекемелерге хабарласқан. Бейімдеу орталығындағылар бірнеше рет алып кеткенімен, онда да ұзақ тұрақтамапты. Ақыл-есі кем жігітті оқшаулауға психдиспансердегілер де асығар емес. 

Шаңқай түсте шалқиып жатқан бұл жігіт қоқыс алаңын тұрақты мекеніне айналдырған. Осы жерден тамағын тауып жеп, алысқа ұзамайды. Адамнан гөрі, қоқыс жәшіктерімен тілдескенді құп көреді. Ең сорақысы, тапа-тал түсте жансыз заттармен жұрт көзінше жыныстық қатынасқа түседі екен.

Кристина Платонова, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

-Дамбалын шешіп, мына қоқыс жәшіктерімен білгенін істейді. Айтуға аузың бармайды. Жәшіктерді адам деп ойлайтын сияқты. Темірді құшақтап, кейде сонымен ұрсысып жатады. 

Қаңғыбас өзін Тимур Лян деп таныстырды. Жасы 35-те екен. Өзінен 20 жас үлкен әйелмен некеде болғанын айтады. Бірақ онысының рас-өтірігін ешкім білмейді.  Ақыл-есі кем жігітке тұрғындар аяушылық танытқанымен, балалары үшін алаңдайды. Қоқыс төгуге келген кішкентайларды жазым қыла ма деп қорқады. Сөйтіп, бейімдеу орталығына да бірнеше рет тапсырған екен. Бірақ онда да ұзақ тұрақтауға рұқсат жоқ.

Жалын Молдағалиев, Ақтөбе қалалық әлеуметтік бейімдеу орталығы директорының орынбасары:

-Ол жігітті жақсы білеміз. Бірақ заңға сәйкес ақыл-есі кем адамдарды орталықта қалдыра алмаймыз. Бізде болған кезде ауруы қозады. Психбригаданы шақырып едік, олар қоғамға қауіпі жоқ деп кетіп қалды.

Осылайша, психдиспансердегілер науқас жігітті қабылдағысы жоқ. Құжаты болмаған соң бастарын ауыртқылары келмейді. Әлеуметтік бейімдеу орталығындағылар олардың бұл қылығына ашуланып, Денсаулық сақтау басқармасына арыз жазған екен. Ондағы шенділер жындыдан да асып түсті. Яғни, шара қолданудың орнына есі кем адамнан қайдағы жоқ анықтамаларды жинауды талап етіпті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде