{metadescription}
Атырауда бала сатқан медицина қызметкеріне тура перзентхана ішінде үкім оқылды
Атырауда бала сатқан медицина қызметкеріне тура перзентхана ішінде үкім оқылды

Атырауда бала сатқан медицина қызметкеріне тура перзентхана ішінде үкім оқылды

Атырауда бала сатқан перзентхана қызметкері сотталды. 41 жастағы Назгүл Хамзинаға қатысты сот отырысы жабық есік жағдайында облыстық перзентханада өткенін айта кетейік. Судья әріптестеріне сабақ болсын деген оймен солай жасаған.

Аталған мекемеде 5 жылдан бері тіркеуші боп істеген Хамзина 20 маусым күні қолға түскен болатын. Ол балалы болуды армандаған танысына 5 мың долларға шақалақ тауып беруге уәде етіп, жарты ақшасын алып алады. Сөйтіп, жаңа босанған 18 жастағы өзбек келіншегін алдап-сулап, баласын сатуға көндіріпті. Кейін құжаттарды дайындап, қалған 2 жарым мың долларын алып жатқан кезде ұсталған. Енді осы қылмысы Назгүл Хамзина 5 жылын жалпы тәртіптегі колонияда өтікуі тиіс. Сондай-ақ, оның дүние-мүлкі де тәркіленбек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ
Қазір эфирде