{metadescription}
Қайрат Мәми ай сайын 1 миллион теңге жалақы алатынын айтты
Қайрат Мәми ай сайын 1 миллион теңге жалақы алатынын айтты

Қайрат Мәми ай сайын 1 миллион теңге жалақы алатынын айтты

Педофилдерді піштіру емес, өлтіру керек! Көрінген жерде жасөспірімдерді жәукемдеп кете беретіндерге өлім жазасын қайтаруды сұраған жұртқа жауап берген Жоғары сот төрағасы жақын күндері ондай өзгеріс болып қалуы мүмкін деді.

Қайрат Мәми, ҚР Жоғарғы сот төрағасы:

-Өлім жазасын қайтару мәселесі терең зерттеуді қажет етеді. Егер өлім жазасынан қорыққаннан осындай істер азаятын болса, мен әрине өлім жазасын қайтаруға келісер едім. Сондықтан оны жан-жақты зерттеп, егер сондай қорытындыға келген жағдайда ондай өзгеріс орын алады деп ойлаймын. 

Мораторийді алып тастау мәселесі педофилдің қолына түсіп, ақыл-есінен айырылған ақтаулық 6 жасар қыздың оқиғасынан соң қайта-қайта көтеріліп жатыр. Ондай жантүршігерлік жағдай кеше ғана Жезқазғанда да қайталана жаздады. Сұрақтарды қарша боратқан жұрт Қайрат Мәмиге қара қылды ақшаға жарып жүрген әріптестеріне қатысты да шағымданды. Төрелікті тиынға сатып, өзін төмен қаратқан судьялардың барын мойындаған Мәми ондайларды тіке өзіне айтуды сұрады. Бас судья соларға ашуланамын деп, әріптестерінің қателігін де айтып қалды. Мәселен, атышулы «Әліби ісін» қараған қазы қателесіп, тоқалға таласқан Қайрат Жамалиевтің бар мүлкін мемлекет есебіне тартып алыпты. Кейін іс қайта қаралып, тең жартысы кәсіпкердің келіншегіне қайтарылған. Бір өзі жүздеген бидің үстінен қараған Қайрат Мәми айма ай алатын маңдай тер ақысын да жасырмай айтып берді.      

Қайрат Мәми, ҚР Жоғарғы сотының төрағасы:

-Жалақым менің құпия емес! 1 миллион 100 мың теңге жалақы аламын. Қолыма 900 мыңнан артық тиеді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.