{metadescription}
БҰҰ: Сириядағы қақтығыстардың қайта өршуіне тікелей Ресей кінәлі
БҰҰ: Сириядағы қақтығыстардың қайта өршуіне тікелей Ресей кінәлі

БҰҰ: Сириядағы қақтығыстардың қайта өршуіне тікелей Ресей кінәлі

Бүгін кезектен тыс шықартылған БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесінде АҚШ өкілі Мәскеудің тарапына осындай қатқыл мәлімдеме жасады. Вашингтонның ұстанымын, Франция мен Ұлыбритания да қолдап отыр.

Саманта Пауэр, БҰҰ-дағы АҚШ өкілі:

-Ресей жоқ нәрсені ойдан шығаратын болған. Біз бұған бей-жай қарай алмаймыз. Ресейдің жасап отырған әрекеті терроризмге қарсы күрес емес, нағыз айуандық.

Ресей тарапы оқ атпау туралы келісімді орындауға ынталы емес екенін ашық айтып отыр. Алеппоға жасалған әуе соққыларына қатысты Мәскеу ақталып әлек. «200 мың тұрғыны бар қала қазір толықтай лаңкестердің бақылауында. Олар әйелдер мен балаларды тірі қалқан ретінде қолданады. Бірақ, соққы жасарда нақты нысана міндетті түрде нақтыланған» деп отыр Ресейдің Біріккен Ұлттар ұйымындағы өкілі. Осыған қарамастан Ұлыбритания мен Франция халық көп шоғырланған аудандарда фугастық және жанғыш бомбаларды пайдалану әскери қылмыспен пара-пар екенін ескертті. Айта кетсек, кескілескен ұрыс Алеппода өткен аптадан бері жүріп жатыр. Үкімет әскері содырлардың бақылауындағы ауданғанға әуеден де, жерден де соққы жасауда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ
Қазір эфирде