{metadescription}
БҚО-да тойдан қайтқан қонақтар жантүршігерлік жол апатына ұшырады
БҚО-да тойдан қайтқан қонақтар жантүршігерлік жол апатына ұшырады

БҚО-да тойдан қайтқан қонақтар жантүршігерлік жол апатына ұшырады

Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апаты 5 адамның өмірін жалмады. «Атырау-Орал» тас жолында бетпе-бет соғылған екі көлік іле-шала өртеніп кеткен.

-Құдай сақтасын, құдай сақтасын...

Қайғылы жағдай Ақбұлақ ауылының маңында болған. 25 жастағы жігіт тізгіндеген Газель Атыраудан дәрі-дәрмек тиеп келе жатыпты. Ал «Мерседестің» рөліндегі 49 жастағы әйел қасындағы 3 жолаушысымен бірге Оралдағы тойдан қайтқан беттері екен. Болжам бойынша, келіншек рульге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кеткен. Қатты соққыдан қос машина да отқа оранды. Жол апатынан 1 адам ғана тірі қалған.

Асылай Ғұбашева, БҚО ІІД қызметкері:

-Жол-көлік оқиғасының салдарынан 2 жүргізуші және «Мерседес» автокөлігінің 3 жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Ал, бір жолаушы Ақжайық ауданының орталық ауруханасына жеткізілді. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.