{metadescription}
 Алматы облысында ағайындыларды атып өлтірген қылмыскерлердің  сыбайластары болуы мүмкін
 Алматы облысында ағайындыларды атып өлтірген қылмыскерлердің  сыбайластары болуы мүмкін

Алматы облысында ағайындыларды атып өлтірген қылмыскерлердің сыбайластары болуы мүмкін

Қатыгездігімен күллі елді шошытқан осы қылмыстық іске премьер-министр де араласып, арнайы мәлімдеме жасады. Бүгін Үкімет отырысында Бақытжан Сағынтаев Ішкі істер министріне жантүршігерлік істі жеке бақылауына алуға пәрмен берді.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:

-Қауіпсіздікті сақтау негізі жұмысымыздың бірі. Оның үстіне осы қылмыстық оқиға халықтың алаңдаушылығын тудырып отыр. Сондықтан бұған бей-жай қарауға болмайды.

Бұл ретте Ішкі Істер министрі бей-жай қарап  отырмағын көрсетіп қалуға тырысты. Қанды оқиғаның жай-жапсарын премьерге түсіндіріп, малын сатуға шыққан 3 ағайындыны атып өлтіргендердің сыбайластарының бар- жоғы да мұқият тексеріліп жатқанын айтты. Себебі марқұмдардың туыстары білекті, балуан денелі бауырларын екі жігіттің жайратып салғанына сенбей отыр. Ал қолға түскен күдіктілер кінәларын бірден мойындап, марқұмдарды мал тезегімен көміп тастаған қораны да өздері көрсеткен.

Қалмұханбет  Қасымов, ҚР Ішкі істер министрі:

-Қамауға алынған күдіктілердің қарулары тәркіленіп, марқұм ағайындылардың 36 бас малы қайтарылды. Қылмыстық істі Алматы облысының Ішкі істер департаменті тергеп жатыр. Менің ойымша қысқа мерзімде тергеуді аяқтап, істі сотқа жөнелтеміз деп ойлаймын.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде