{metadescription}
Алматы облысында қатыгез қанішерлердің қолынан қаза тапқан ағайындылар жерленді
Алматы облысында қатыгез қанішерлердің қолынан қаза тапқан ағайындылар жерленді

Алматы облысында қатыгез қанішерлердің қолынан қаза тапқан ағайындылар жерленді

Алматы облысында қандықол ұрылардың қолынан қаза тапқан ағайындылардың денелері бүгін қара жер қойнына тапсырылды. Үш бірдей азаматынан айырылған әулетпен бірге күллі ел қайғырды. Көңіл айтушылардың көптігі сонша келгендер көшеге сыймады. Ал ұлдарының тірі екенін сеніп, бірнеше күн бойы тосқан тоқсандағы аналары болса ауыр қазаны көтере алмай, төсек тартып қалған. Қазір қанды қылмыс қатысты жалғыз айғақ зат ретінде аңшы мылтығы табылып отыр.

Үш бірдей азаматынан айырылып жылаған әулеттің ащы дауысы ауылдың сыртына дейін естіліп тұр. Тек туысқандар ғана емес, ағайындар үшін алаңдаған алабөтен адамдар да көңіл айтуға келіпті. Марқұмдардың артында қалған шиеттей балалары болса, әкелерінің қазасына әлі де сене алар емес. Ал ананың жайы тіпті ауыр. Ұлдарын тоғыз күн бойы тосқан тоқсандағы қария төсек тартып жатып қалыпты. Бірден үш бауырын үйден шығарарда ағаларына дейін талып қалды.             

Марқұмдардың балаларының үлкені – 13-те, ең кішісі-небәрі бір жаста екен. Есі кіргендері болмаса, қалғандары болған жайтты түсінбей есік алдында ойнап жүр. Атпалдай үш азамат үлкен әулеттің асыраушысы болған. Қартайған әке-шешелерінің табанын жерге тигізбей бағып жүріпті.   

Тұрсын Әмірбайұлы, марқұмдардың әкесі:

-Тамақ беріп, бағып отырған осы ұл мен келін еді. Ұл кетті, келіннің өзінің денсаулығы жоқ, кім бағады бізді енді? Кімге барып телмеңдеймін енді мен?

Ұрылар ағайындыларды аңшы мылтығымен атып өлтіріпті. Қару қаніпезерлердің үйінен табылып, әзірге жалғыз айғақ зат ретінде іске тіркелді. Дегенмен, марқұмдардың туыстары тергеушілердің о бастағы сылбыр қимылына өкпелі. Өйткені, малшылар өртенген көлікті тауып бергенде де әлгілер қазбалап иесін іздемепті.      

Адал Зарлықан, марқұмдардың ағасы:  

-Машинасы дүйсенбі күні 19-ы күні өртенген, кешкі 9-дан 40 минөт  өткенде. Сол жердегі малшылар Ұзынағаштың Ішкі Істер бөліміне хбаралап айтқан екен. Сонда неге іздемейді?Мен адамды тауып бергеніне, қанішерлерді ұстағанына разымын, бірақ дер кезінде іздемегеніне ішім күйеді. Маған телефон соқты, көлігімнің тұрған жерін айтып.

Ашынған ағайын қанды қылмысты екі емес, бірнеше адамның жасағанына сенімді. Өйткені, мал тиелген екі жүк көлікпен 3 бірдей жеңіл көліктің ілесіп кетіп бара жатқанын көргендер бар. Тепсе темір үзер атпалдай 3 азаматтың аяқ-қолын екі адамның байлауы да ақылға қонымсыз дейді қара жамылған отбасылар. Жарқынбек, Қаділбек, Мұқият есімді үш ағайынды Ұзынағаштағы мал базарға 40 бас сиырымен кетіп, іс-түссіз жоғалған. Алдымен көліктері бос күйінде табылып, кейін мәйіттері қараусыз қалған қораның ішінен шыққан болатын. 

Кеше

06 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде