{metadescription}
Талдықорғанның тәртіп сақшылары өздерін интернетте мысқылдаған тұрғынмен соттасудан айнып қалды
Талдықорғанның тәртіп сақшылары өздерін интернетте мысқылдаған тұрғынмен соттасудан айнып қалды

Талдықорғанның тәртіп сақшылары өздерін интернетте мысқылдаған тұрғынмен соттасудан айнып қалды

Талдықорғанда тәртіп сақшыларын мысқылдаған тұрғынға қатысты сот басталмай жатып аяқталды. Елдерхан Шұратбаевтың үстінен шағымданған Алматы облысының Ішкі істер департаментінің өкілдері райынан қайтқан.

Қызыл жағалылар оның әлеуметтік желіге жариялаған жазбасына қатты ашуланған еді. Өйткені ол парақшасына жол бойындағы дәмхана жанында тұрған полицейдің видеосын салып, ойын мысқылмен жеткізді. Сондағысы: «Назар аударыңыздар! Қапшағайда самса мен сексеуіл сататын жаңа автокафе ашылды. Қызметкерлері де полиция секілді киінген. Қолдарындағы радармен көліктегі адамдардың қарны аш келе жатқанын біледі. Керемет! Алматы облысының полицейлері, жарайсыңдар!» делінген. Бұл жазбаға бола департамент шала бүлінген болатын. Десе де, көп ұзамай шағымдарын қайтып алыпты. Олардың неліктен соттасудан бас тартқанын әзірге ешкім түсіндіріп бере алмады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде