{metadescription}
Атырауда кәріз құдығына құлаған жұмысшы қаза тапты
Атырауда кәріз құдығына құлаған жұмысшы қаза тапты

Атырауда кәріз құдығына құлаған жұмысшы қаза тапты

Атырауда кәріз құдығында болған қайғылы жағдайға байланысты тергеу басталды. Орталық кәріз құбырындағы ақауды жөндемек болған «Атырау Су арнасы» мекемесінің екі жұмысшысы уланып, біреуі қаза тапқан еді.

Оқиға мына орталық коллекторда болған. 34 және 39 жастағы екі жұмысшы тереңдігі 12 метрлік құдыққа жөндеу жүргізбек болып түсіпті. Бірақ газға уланып, іле-шала естен танып қалған екеуін жұмыстастары көріп, жедел жәрдем шақырған. Өкінішке қарай, біреуі сол жерде жан тапсырса, екіншісі ауруханаға жеткізілді. Ал «Атырау Су арнасы» мекемесі басшыларының айтуынша, оқиға жұмыстан тыс уақытта болыпты. Сондықтан, кінәлі өздері деп отыр. Яғни, олар таныстарының өтініші бойынша еш құрал-саймансыз, арнайы бетперде кимей құдыққа түскен.

Руслан Бисенов, «Атырау су арнасы» КМК жұмысшысы:

-2-де жұмыс бітеді ғой, қысқа күн.  Өзімізше ойладық қой бітіріп, жексенбіде демаламыз деп. Коллектордің сайманы ұстамай соны ауыстырдық. Сол иіс берді, содан тұра алмай қалдық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

25 мамыр

24 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде