{metadescription}
Мәдениет министрі төсекке сүйреді деп айыптаған актрисаны сотқа беретін болды
Мәдениет министрі төсекке сүйреді деп айыптаған актрисаны сотқа беретін болды

Мәдениет министрі төсекке сүйреді деп айыптаған актрисаны сотқа беретін болды

Басы даудан арылмаған Арыстанбек Мұхамедиұлының басы тағы бәлеге қалды! Бұл жолы Мәдениет министрін бұрынғы студенті төсекке сүйреді деп айыптауда. Айтуынша, Мұхамедиұлы Өнер академиясын басқарып тұрған кезде жас қызға көңілдес болайық деп ұсыныс жасапты. Мәдениет министрінің қызқұмарлығын мен басқа да былығын бүгін Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұловтың өзі растап отыр. Ал Мұхамедиұлы ақталып әлек.      

Бұған дейін режиссерлерді ренжітіп, «ақша боапсалады» деп айыпталған Арыстанбек Мұхамедиұлы енді басқа қырынан танылды. Алматыдағы аты дардай Жүргенов атындағы Өнер академиясының түлегі, театр актрисасы Еңлік Сыдықова өзін студент кезінде министрдің өзі төсекке сүйрегенін айтып отыр.

Еңлік Сыдықова, актриса:

-Барып вино ішіп, билейміз, көңіл көтереміз, қыдырамыз деді.  Әкеммен жасты адам. Менімен «бірге боласың» бір екі күн деген сияқты әңгіме айтты.

2011 жылы оқуға түсуге келген студент қабылдау емтиханына үлгере алмай қалған екен. Содан ректордан рұқсат алуға кабинетіне кірген. Алайда Арыстанбек Мұхамедиұлы оның өнерін сахнада емес, төсекте көргісі келіпті. 

Еңлік Сыдықова, актриса:

-Мені «жеңіл жүрісті қыз» деп ойлап тұр ма деп ашуландым. « Сіз маған не айтып тұрсыз?» деп сөйледім ол кісіге.

Онда тұрған ештеңе жоқ деді. Ашуланба, әлі ертеңге дейін уақыт берем, ойлан деді.

Ал көңілін тапса, тегін оқытуға уәдені үйіп төккен көрінеді. Ректордың махаббаты болудан бас тартқан студент, кейін емтихан тапсырып, ақыры сол оқуға түсіпті. Бірақ студент Мұхамедиұлының үстінен шағым түсіруге ұзақ уақыт батпады деп отыр.  

Еңлік Сыдықова, актриса:

-Полицияға жазбаған себебім, қорықтым. Кейін оқуға түсе алмай қаламын ба деп қорықтым.

-Сен менімен көңілдес бол, мен сенің тағдырыңды жақсы қыламын, киноға түсіремін, театрға алдырамын, саған машина алып беремін...

Министрдің әлгіндей әдеті барын Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов та растап отыр. Айтуынша, шенеунік оның да студенттеріне «жабысқан» көрінеді. Бірін көлікпен, ал енді біразын оқу гранттарымен қызықтырыпты.

Тұңғышбай Жаманқұлов, ҚР Халық артисі:

-Маған 15 адамның тізімін әкеліп берді, «осыны аласың» деп. Грантта бар болғаны 12 адам. Мен бұған қарсы болдым. Мен мұны алмаймын деп бас тарттым. Сол кезде емтихан біткенен кейін маған түнде сағат 11-12-лерде маған телефонмен доқ көрсетіп, маған айқай салды. Дап-дардай адамға маған! Солардың бәрін ақыры алды өзінің тізімін. Демек, бірдеңе бар деген сөз , бірдеңе берілді деген сөз!

Бірақ министрдің өзі бұл айыптаулардың бірін де мойындамай отыр. Тікелей сұхбаттан қашқанымен, ақпарат құралдары арқылы сәлем айтқан.

Мен бұл мәселеге пікір білдірмесем де болатын еді. Алайда, елге танымал тұлға, оның ішінде Мәдениет министрі болған соң бұл мәселені айналып өтуге хақым жоқ. Бұл видеоүндеудің дәл сол уақытта емес, бірнеше жылдан кейін жарық көргені күдік ұялатады. Шамасы, біреулерге менің қызметімді қаралау керек сияқты.

Арыстанбек Мұхамедиұлының бұған дейін де жаман аты шыққан. Онда бір топ отандық режиссерлер оның  аузын майламай, фильм түсіру мүмкін емес деп күллі жұртқа шағымданған болатын. Енді сол секілді бұл сексуалдық жанжалды да министр сот залында шешпекші.    

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде