{metadescription}
Шымкентте қытайлық алюкобондпен қапталған үй өртенді
Шымкентте қытайлық алюкобондпен қапталған үй өртенді

Шымкентте қытайлық алюкобондпен қапталған үй өртенді

Шымкентте көпқабатты үй өртенді. Тоғыз қабатты ғимарат екі жыл бұрын ғана жөндеуден өтіп, алюкобондпен қапталған екен. Тұрғындар ол кезде бұл материалдың жылдам жанатынын айтып, дау да шығарыпты.

-Үйдің сыртын, вентиляция тесіктерімен бірге алюкобондпен қаптап тастады. Түтін түгілі сәл иіс шықса сыртқа емес, пәтерлерге бірінші енеді. Сонымен қаптап жатқан кезде-ақ бір күні өртеніп өлеміз ғой деп ескерткенбіз. Мұндай көзбояушылықтың не керегі бар?

Өрт түскі сағат 12-лер шамасында бірінші қабатындағы дүкеннің шатырынан шыққан. Лап еткен от лезде жоғарыдағы пәтерлерді де шарпыды. Көпқабатты үйдің 50-ден астам тұрғыны қауіпсіз жерге шығарылды. Көк түтінге толы подъезден мүгедектер арбасына таңылған жандар да құтқарылған. Қызыл жалыннан екі пәтер жартылай жанып кетті. Жұрт жалын дүкен шатырынан шықса да, оның тез жайылуына әкімдік қаптап берген жанғыш материал себеп дейді.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.