{metadescription}
Жақып Асанов Қарағанды облысының прокурорларын жаппай отставкаға жіберді
Жақып Асанов Қарағанды облысының прокурорларын жаппай отставкаға жіберді

Жақып Асанов Қарағанды облысының прокурорларын жаппай отставкаға жіберді

Қарағанды облысында үш бірдей прокурор қызметінен қуылды. Жылы орнымен қоштасқан - облыс прокурорының орынбасары Рашид Дубаев, басқарма бастығы Алмас Абдақасов пен Теміртау қаласының прокуроры Біржан Шаулиев. Ал облыс прокуроры Асқар Секішевге қатаң сөгіс жарияланды.

Бас прокурордың  қатал шешім қабылдауына  мына жағдай себеп: 2014 жылдың күзінде Теміртау тұрғынын далаға апарып атып өлтірген 3 жігіт күдікті ретінде тергеуге алынған еді. Бірақ сотта екеуі куәгерге айналып, біреуі ғана жазаға тартылады. Оның өзінде адам өлтіру бабы бойынша емес, соққыға жығып, жазатайым өлтіріп алды деп 4 жарым жыл ғана арқалапты. Осыдан кейін марқұмның әкесі Қанат Алпысбаев Бас прокурорға арызданып, тексеріс басталған. Оның қорытындысы бойынша Теміртау қаласының прокуроры Біржан Шаулиевтің тергеудегі құйтырқы әрекеттерге көз жұма қарағаны расталды. Облыс прокурорының орынбасары Рашид Дубаев пен басқарма прокуроры Алмас Абдақасов та осы былыққа жол бергендері үшін жазаланып отыр. Жемқорлық белгілері табылмағандықтан, білдей үш прокурор тек қызметтерінен шеттетілді. Ал тексерістен кейін бұрынғы қылмыстық іс қайта қозғалып, жазадан сытылған екеу тергеу қапасына қамалған. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде