{metadescription}
 Ерасыл Әубәкіровке сексуальдық зорлық көрсетілмеген боп шықты
 Ерасыл Әубәкіровке сексуальдық зорлық көрсетілмеген боп шықты

Ерасыл Әубәкіровке сексуальдық зорлық көрсетілмеген боп шықты

Астанада Ерасыл Әубәкіровты азаптап өлтіргендер 47 жылға сотталды. Студентті қинап ажал құштырған Нұрбек Әжімбай 20 жылға, Андрей Тихоненко 16 және Виталий Шерстенев 11 жыл арқалады. Алқа билердің кескен үкімі осындай. Ал болашақ дәрігер Ерасыл Әубәкіровты азаптап жатқаны жайлы видео болса да, күдіктіден куәгерге айналып шыға келген Аян Мейірбаев жазадан мүлдем сытылып кетіп отыр. Бай баласы сотта да төбе көрсеткен жоқ.

Дүйім жұртты дүрліктерген 23 жастағы Ерасыл Әубәкіровтың өліміне қатысты сот бір ай бойы жабық өтіп, журналистерге де кіруге тыйым салынған еді. Бірақ бүгін соңғы отырыс болған соң есік ашық. Сондықтан үкімді тыңдауға келгендердің қарасы қалың. Қаптаған камерадан бөлек, айыпталушылардың туыстары, алқа билер мен марқұм Ерасыл Әубакіровтың әкесі де осында. Тек, алғашқыда студентті «өлтіруге тапсырыс беруші» деп айыпталып, кейін күтпеген жерден жәбірленуші боп шыға келген Аян Мейірбаев жоқ. Ал Нұрбек Әжімбай, Андрей Тихоненко, Виталий Шерстенев бұл үшеуі қылмыстық топ құрып, Ерасыл Әубәкіровты азаптап өлтірген боп шықты. Тергеушілердің осындай уәжі істі қараған алқа билерді де, судьяны иландыра алғандай.

Асхат Әшірбеков, судья:

-Нұрбек Әжімбай кінәлі деп танылып,20 жыл бас бостандығынан айырылсын. Дүние мүлкі тәркіленсін.

Әжімбайдың сыбайластары Андрей Тихоненко 16 және Виталий Шерстенев 11 жыл абақтыда отырады. Әсіресе Ерасыл Әубәкіровты азаптау сәтін видеоға түсіріп алған Нұрбек Әжімбайдың анасы ұлының кінәсіз екеніне сенімді.

Сәуле Сатыбалдиева, Н.Әжімбайдың анасы:

-Менің ұлым ешкімді өлтірген жоқ. Видеоны өзін қорғау үшін түсірген. Нағыз қылмыскер бостандықта жүр. Әділетсіз үкім бұл. Ақшаның күшімен шешіліп отыр бәрі.

«Бостандықта жүр» деп Сәуле Сатыбалдиева Аян Мейірбаевты айтып тұр. Алайда, судьяның айтуынша  Мейірбаев студентті азаптамаған, тек жұлқылаған көрінеді. Тергеу материалдарына қарағанда, Нұрбек Әжімбай курстасы Аян Мейірбаевтан ақша бопсалаған. Яғни, оның  қалталы әкесіне ұлының жас жігітті қинап жатқан сәттегі видеосын жіберіп, одан  135 миллион теңге талап еткен көрінеді. Бұл ойы жүзеге аспаған соң Әубәкіровты өлтіріп, Мейірбаевтың көлігінің жүк салғышына салып жіберген екен.

Тельман Аленов, Ө.Әубәкіровтың адвокаты:

-Сотта Аян Мейірбаевтың кінәсіз екенін дәлелдейтін айғақтар көрсетілді. Яғни, сот ашық әділ өтті. Әркім тұрып өз ойымызды айттық. Алқабилер де куә.

Ал былтыр ақпанда өлтірілген  марқұм студентке сексуальдық қиянат жасалмаған боп шықты.  Бұны сараптама да дәлелдеген.

-Ұлымды қайтара алмаймын ғой енді. Не істеймін , қолымнан не келеді?

Жазадан құтылған Аян Мейірбаевтың өзі бүгін үкімді тыңдауға келген жоқ. Тіпті, осы уақыт ішінде процеске бір-ақ рет қатысыпты. Ал, сотталған үшеу әзірге изоляторда отырмақ. Егер 15 күн ішінде сотқа апелляциялық шағым түспесе, олар қатаң тәртіптегі колонияға аттанады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде