{metadescription}
Шығыс Қазақстанда оқушы қызды зорлап өлтірген жігіт ұзақ мерзімге сотталды
Шығыс Қазақстанда оқушы қызды зорлап өлтірген жігіт ұзақ мерзімге сотталды

Шығыс Қазақстанда оқушы қызды зорлап өлтірген жігіт ұзақ мерзімге сотталды

Шығыс Қазақстанда 14 жастағы қызды зорлап, артынша буындырып өлтірген Мақсат Бақашев 25 жылға сотталды. Қаскөй жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейтін болды. Оған бұл мерзім жалғыз Айым Ұлтомбаеваның өлімі үшін берілмеген. Бақашев Шар және Семей қалаларында осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін де айыпталған еді.

Бірақ қылмыскердің Ұлтомбаевадан өзге кімге қандай жәбір көрсеткені туралы        ақпарат жоқ. Өйткені сот жабық жағдайда өтті. Естеріңізге салсақ, былтыр қыркүйек айында Шар қаласында 14 жасар қыз өз үйінің ауласынан ғайып болған. Кейін оны көршісі Мақсат Бақашевтың ұрлап әкеткені анықталды. Жауыз тергеу кезінде жеткіншекті қалай азапатағанын толықтай баяндап беріпті. Бірақ оның айтқанын сотта дәлелдеу тергеушілерге қиынға соққан көрінеді. Өйткені 24 жастағы Бақашев жасаған қылмысында еш із қалдырмаған. Сондықтан онсыз да 8 ай далада жатқан мәйітті екі мәрте жерлеп, қайта қазып алуға мәжбүр болды. Оның үстіне азғын тергеудегі сөзінен сотта айнып шыға келген. Тіпті, Шар мен Семейдегі жәбірленушілеріне түрмеден шыққан соң үйлеріңді өртеп, өздеріңді өлтіремін деп сес көрсетіпті. Осыдан шошыған марқұмның туыстары қылмыскерді өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрап, арыз жазбақ.

Ринат Мадыбаев, Айым Ұлтомбаеваның ағасы:

-Баланы ешкім қайтарып бермейді. Ал жантүршігелік қылмыс жасаған адам 25 жыл ғана отырып шығады. Оның содан кейін де осындай сұмдықты жасамасына кім кепіл? Сондықтан қайта шағым түсіруді жоспарлап отырмыз.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде