{metadescription}
Алматы облысында мал сатуға шыққан үш ағайынды жігіттің жантүршігерлік өліміне қатысты жаңа дерек шықты
Алматы облысында мал сатуға шыққан үш ағайынды жігіттің жантүршігерлік өліміне қатысты жаңа дерек шықты

Алматы облысында мал сатуға шыққан үш ағайынды жігіттің жантүршігерлік өліміне қатысты жаңа дерек шықты

Алматы облысында мал саудалап, артынша мәйіті табылған ағайындылардың өліміне қатысы барлар екеуден көп! Мұны сол қанды оқиға болған Сұраншы батыр ауылының тұрғындары айтып отыр. Ауылға 40 бас сиыр және күдіктілермен қосақтасып келген бір топ бөтен жігітті көргендер де бар екен. Бірақ полиция ұстаған екі адам мен тапқан бір мылтығынан әріге барғысы келмейтін сыңайлы. 

-Менің балам істеген жоқ, менің балам істеген жоқ.

Ұлы үш адам өлтірді деп айыпталып жатқан ана бұл. Көршілерінің көзіне түспеуге тырысып, күнде жылаумен жүр. Алты бала өсірген зейнеткер перзентінің өзі пендеге зиян келтіруі мүмкін емес дейді. Айтуынша, біреулер Мұрат Оңалбаевты қорқытқан.     

Күлән Оңалбаева, күдікті Мұрат Оңалбаевтың анасы:

-Менің баламның денсаулығы жоқ. 3-ші топтағы мүгедек. Басында жарақаты бар. Бір көзі жоқ. Өз жанын өзі зорға бағып жүрген жігіт. Бір кісіні ұрып жығатын күші жоқ. Енді ол жерден тірі шыға ма тегі, тәңірім десей?

Ал мынау екінші күдікті – Талғат Сүлейменовтің үйі. Жарқынбек, Қаділбек, Мұқият есімді үш ағайынды мал базарынан шыққан бойда осы үйге кірген. Үй иесінің 20 бас қойы, жылқысы бар екен. Тағы мал алуға банктен сол күні 3 миллион теңге несие рәсімдепті. Ал марқұм ағайындылар мұнда 6 миллион аламыз деп келген. Бірақ күдіктіде қалған ақша болды ма, әлде саудагерлерді алдап әкелген бе, оны сол күйі біле алмадық.           

-Жабыңызшы! Ей, жіберіңізші деймін!

Марқұм 3 жігіт келгенде күдіктінің отбасы төрт көзі түгел үйінде отырған. Бірақ ешбірі де оқиға туралы тіс жармай отыр. Десе де, сол күні ауылға сиырмен бірге еріп келген бір топ бөтен адамды көргендер көп.   

Шәмен Қырғызбаев, Сұраншы батыр ауылының тұрғыны:

-4-5 жігіт болған.

-Осы ауылдың жігіттер ме, әлде бөтен жігіттер ме?

-Жоқ, сырттікі бәрі.

-Бір жарты сағат түсірді.

-Қандай балалармен сөйлесті?

-Осы үйдегі балалар ғой.

Бас сиырдың тең жартысын үйлерінде қалдырса, ал қалған жартысын жүк көліктеріне тиеп күдіктілер міне осы жолмен тауға қарай әкетіпті. Ал тауға кіреберіс жерде шекара заставасы тұр. Марқұмдардың туыстарының айтуынша, қазақ-қырғыз арасын күзеткендердің түн ортасында оларды көрмеуі мүмкін емес. Сол себепті, осы қанды қылмысқа қатысы бар өзге де сыбайластарды іздеп табуға шекарашылар да көмектессе деп отыр.

Қандықол ұрылар арам ойын осы таудың ішінде іске асырған. Әзірге екі адам қамауда отыр. Ал полицияның бір мылтықтан басқа дәйегі де жоқ сыңайлы. Тергеудің басталғанына үш аптадай уақыт болса да, сараптама нәтижесін әлі күтіп жүрміз деп бізге жалтарма жауап берді. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.