{metadescription}
Ақтөбеге барған Дін істері министрі шайтанға табынған сатанистер туралы айтты
Ақтөбеге барған Дін істері министрі шайтанға табынған сатанистер туралы айтты

Ақтөбеге барған Дін істері министрі шайтанға табынған сатанистер туралы айтты

Дін істері министрі салафиттердің уақыт өте келе жоқ болатынына сенімді. Ақтөбелік студенттермен кездесуге келген Нұрлан Ермекбаев бұл ретте тіпті шайтанға табынған сатанистерді де мысал ретінде келтірді.

Нұрлан Ермекбаев, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі:

-Бұрын қайдағы бір сатанистер де болған. Түрлі сондай секталар көбейгеннен кейін өздерімен өзі жоғалып кетті. Сол сияқты қазіргі анау салафит болсын, басқа да теріс ағымдар солардың бәрі сәннен шығып қалады.

Министр Нұрлан Ермекбаев ел ішінде ылаң салған әсіредіншілердің дәурені қашан бітетінін нақты айта алмады. Ең бастысы өзімен кездесуге келген ақтөбелік жастарға «оларға ермеңдер» деумен болды. Мұндай ескертуге бұл аймақтағы студенттердің құлағы әбден үйренген. Өйткені Астанадан министрі, прокуроры мен діндарлары бар 200 өкіл келгелі бері мұндай жиналыстар күнде өтіп жатыр. Дін істері министрі ғаламтор жоқ уақытты қызыға еске алатынын да айтты. Өйткені қазіргі ақпараттық заманда теріс үгіт-насихат жүргізетіндерге тосқауыл қою мүмкін еместігін мойындап отыр. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде