{metadescription}
Қарағанды тұрғындары қаржы пирамидасына 1 миллиард теңгесін салып жіберген
Қарағанды тұрғындары қаржы пирамидасына 1 миллиард теңгесін салып жіберген

Қарағанды тұрғындары қаржы пирамидасына 1 миллиард теңгесін салып жіберген

Қарағандыда қаржы пирамидасын құрып, тұрғындарды сан соқтырған әйел ұсталды. 40 жастағы Елена Колесникова «Оптовка» атты мекеме ашып, елден 1 миллиард теңгеге жуық ақша жинаған. Құзырлы орындар дер кезінде қимылдап үлгеріпті. Әйтпесе, ол әйел бала- шағасын алып, шетел аспақ болған екен. Ал күмәнді ұйымға миллиондаған қаражатын салғанып, алданғанын әлі түсінбеген тұрғындар оны заңсыз қамауға алды деп шу көтеруде.

«Оптовка» мекемесінің есіктері қазанның 5- нен бері жабық. Өйткені оның бастығы қаржылық құйтырқы әрекетке барды деген күдікпен ұсталған.

-Ақшамызды қайтарыңыздар!

Колесникованың қолына кісен салынғанда тұрғындар оны босатуды талап етіп, прокуратура алдында шу шығарды. Айтуларынша, осы «Оптовкаға» құйған сомаларының үстемақысын апта сайын алып келіпті. Жарнамасы жер жарғасын жұрт пирамидаға қолындағысын, жоқтары несие қаражатын қаптап тасығанға ұқсайды.

Виталий, Қарағанды қаласының тұрғыны:

-Басында бәрі ойдағыдай болды. 2 миллион теңге салым салып екі айдың ішінде қомақты үстемақы алдым. Компания басшысы ешкімнің қаражатын жеп жатқан жоқ. Неліктен дұрыс жұмыс істеп тұрған мекеменің жұмысына кедергі келтіреді органдар?

Жұрт осылай десе де, прокуратура Елена Колесниковаға  қаржылық пирамида құрды деген айып тақты. Олар күдіктіде жұртқа оңды- солды үстемақы үлестіретін байлық жоғын айтады. Сондықтан қаражатты уыстап әкелген бірінікін екіншісіне беріп отырған дейді. Тергеу кезінде оны  абақтыда ұстауды да соттан талап еткен.

Гүлнұр Жукина, Октябрь аудандық сотының баспасөз хатшысы:

-Күдіктінің тұрғылықты жерінің болмауына байланысты, тұрып жатқан үйінің жалдамалы болуына байланысты, сонымен қатар қылмыстың ауырлығына қарап және де кәмелетке толмағаны балаларын шетелге шығаруға тырысу фактісіне байланысты сот бұлтартпау шарасын қабылдады.

Прокуратура мен соттың алдында Колесникованы бостауды талап еткендердің қарасы қалың. Тасада бармағын тістеп тұрғандары да көп сияқты. Өйткені Қарағанды, Теміртау және Астанада жыл басынан бері қызу жұмыс істеген компанияға 1 миллиард  жуық теңге тасығаны белгілі. Ал Елена Колесникованың өзі енді тергеу аяқталғанша кемі 2 ай абақтыда отыратын болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.