{metadescription}
Петропавлда бөтелкелесінің құлағын кесіп азаптаған екі қаскөй сотталды
Петропавлда бөтелкелесінің құлағын кесіп азаптаған екі қаскөй сотталды

Петропавлда бөтелкелесінің құлағын кесіп азаптаған екі қаскөй сотталды

Олар алдымен таныстарын өлімші етіп сабап, тіпті тоқ ішегіне таяқ тыққан. Ақыры солай өлтіріп тыныпты.

Көңілді отырыс қаладағы жалдамалы пәтерлердің бірінде басталған. Сөзге келіп қалған олар мәселенің басын ашып алу үшін сыртқа шығыпты. Жұрттың көзінен таса жерде 22 жастағы Сергей Ханин мен 19-ға енді толған Игорь Мамалыжев Рафаиль Латфуллинге тап берген. Айтуларынша, ол екі досты балағаттаған көрінеді. Жөнге салмақ болған қаскөйлер оның оң құлағын кесіп алып, тоқ ішегіне таяқ тығып, білгендерін істеген. Сөйтіп, Латфуллиннің шала- жансар денесін ағаштың арасына тығып, жайларына кетіпті. Олардың қылмысы толық дәлелденіп, екеуі 9 жарым жылдан арқалады. Үкіммен мерт болған жігіттің анасы да келісіп отыр.

Нұрия Гайнанова , жәбірленуші:

-Ата- аналарына обал. Олар жұрттың көзіне не бетімен қарайды? Маған да қиын болды. Үкім қандай болғанда да, ұлым тіріліп келмейді ғой. Әжептеуір көмекшім еді. Қайтемін енді.  

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде