{metadescription}
Алматы қаласының бұрынғы бас қаржы полицейі сот алдында жауап бере бастады
Алматы қаласының бұрынғы бас қаржы полицейі сот алдында жауап бере бастады

Алматы қаласының бұрынғы бас қаржы полицейі сот алдында жауап бере бастады

Әмірхан Аманбаевқа «қызмет бабын асыра пайдаланды», «ұйымдасқан қылмыстық топ құрып оны басқарды», «ақша жымқырды» және «ірі көлемде пара алды» деген айып тағылып отыр.

Сондай-ақ сотта тағы 35 адамнан айыпталушы ретінде жауап алынуда. Олардың қатарында фирма басшылары, көлік жөндеушілер мен мүгедектер де бар. Барлығына да қылмыстық топ құру, жалған кәсіпкерлікпен айналысу, заңсыз қару-жарақ және есірткі сақтау баптары бойынша айып тағылып, қамауға алынған. Алайда қазір ұсталғандардың тек 14-і қамауда отыр. Қалған 12 азамат кепілдікпен босатылып, Аманбаевтың өзі бастаған тағы тоғызы үйқамаққа алынған. 1340 томға арқау болған қылмыстық істе Әмірхан Аманбаев басты айыпталушы ретінде жауапқа тартылады. Бұрын Алматы қалалық қаржы полициясын басқарған ол 2015 жылы қамауға алынған болатын. Қазір сотқа үйінен кеп жүрген оның ешкіммен тілдесуге құлқы жоқ. 

-Сізден бір ауыз сұрауға болады ма?

-Жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде