{metadescription}
Ақтауда ел-жұртқа күлкі болған ұры ұсталды
Ақтауда ел-жұртқа күлкі болған ұры ұсталды

Ақтауда ел-жұртқа күлкі болған ұры ұсталды

Жоғары қабаттағы пәтерді тонауға кіріп, терезеден кілем мен жамылғыларды бір-біріне байлап түскен ол қамауда отыр. 


21 жастағы күдікті өткен аптада көпқабатты үйдегі 3 бірдей пәтерді тонады. Артынша қолына түскен алаша мен жамылғыларды бір-біріне байлап, төменге түскен. Және бос кетпей, алтын бұйымдар мен өзге де бағалы заттарды қолтығына қыса кетіпті. Ол бұрын да осындай әрекеті үшін сотталған екен. Бұл жолы өзінің 11 пәтерге ұрлыққа түскенін мойындады. Бірақ, зардап шеккендер бұдан да көп болуы мүмкін. Өйткені, тоналған жұрттан арыз-шағым толассыз түсіп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде