{metadescription}
Семейде бала туудың азаюына байланысты бір перзентхана жабылып қалды
Семейде бала туудың азаюына байланысты бір перзентхана жабылып қалды

Семейде бала туудың азаюына байланысты бір перзентхана жабылып қалды

Семейде айналдырған 3 перзентхананың бірі жабылды. Бұған демографиялық жағдайдың айтарлықтай нашарлауы себеп. Жыл басынан бері дүние есігін ашқан сәбидің саны 5 жарым мыңға жетпейді. Ал жабылған мекеме профилі перинаталдық орталық боп ауыстырылмақшы. Яғни жаппай емес, тек жүктілігі ауыр жүріп жатқан әйелдерді ғана қабылдамақ. 

Басшылар кеңесе келе 1964 жылы салынған перезантхананы жабуға шешім шығарған. Сөйтіп, қаланы қақ бөлген Ертістің қос жағалауынан екі перезентхана қалдырған екен. Бірақ, бұл жағдайға жүкті әйелдер ашулы. Айтуларынша, қалаға жақын ауыл-аймақтағы ай- күні жеткен келіншектердің барлығы осында келетін көрінеді.

Наталья Перцева, Семей қаласының тұрғыны:

-Перзентхананың жабылғаны қолайсыз. Өйткені, бізге мына жақтан сол жағалауға бару керек. Ол өте алыс. Сонымен қатар орын жетіспей қалады ма деп қорқамын.    

Алайда жергілікті үш перезентхана бірдей жұмысы істесе жататын орын көп, босанатын әйел жоқ. Қазір де кейбір бөлімшелер қаңырап тұр. Ал,бұл жағдай ғимаратты ұстап тұруға кеткен шығындарды ақтамайтыны белгілі.

Архат Дайырбеков, Семей қалалық перинаталдық орталықтың директоры:

-Екінші және үшінші перзентханалар жартылай бос тұрды. Оның бірінші себебі, қазіргі заман талабына сай босанған әйелдер7  күн емес 3 күнде шығарылады. Тағы бір себеп қалада 2014- 2015 жылдары босану азайып кетті.

Осылайша, перинаталдық орталық боп өзгерген қаладағы ең көне перзентханада енді денсаулығында ақауы бар жүкті келіншектер мен науқас шақалақтар ғана қаралмақ. Қалған екі мекеме 190 орынға шақталған. Мамандар бұл да жеткілікті деп отыр. Себебі, қалада жыл басынан бері бар жоғы 5400 бала дүниеге келіпті.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.