{metadescription}
Талдықорғанда пәтер әперемін деп жұртты алдап соққан журналист шатылып жатыр
Талдықорғанда пәтер әперемін деп жұртты алдап соққан журналист шатылып жатыр

Талдықорғанда пәтер әперемін деп жұртты алдап соққан журналист шатылып жатыр

Талдықорғанда мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер әперемін деп жұртты алдап соққан әйел ұсталды. 30 шақты тұрғынды тақырға отырғызған Дина Ысқақова 100 миллион теңгені олжалапты. Айлакер келіншек республикалық басылымдардың бірінде бас редактор қызметін атқарған. Тіпті бірталай марапаттың иесі екен. 

Жетімдер үйінде өскен Жұлдыз Айнағұлова талай жылдан бері пәтер кезегінде тұр. Әзірге жолдасы және сәбиі үшеуі жұрттың босағасын жағалап жүр. Сондықтан олар да Дина Ысқақовадан алданып қала жаздапты. Осыдан аз бұрын оған бейтаныс әйел хабарласып, салынып жатқан үйден екі бөлмелі пәтер ұсынған. Онысы үшін 3 млн теңге сұрапты.  Сол сәтте колма-қол ондай ақшасы болмай, Құдай сақтаған екен.

Жұлдыз Айнағұлова, Талдықорған қаласының тұрғыны:

-Мына 58-інші пәтерді ол маған үш миллион теңгеге ұсынды. Осында әкеліп, кілтін көрсетті, қанша шаршы метр екенін, бәрін айтты. Қазір бұл жерде басқа біреулер тұрып жатыр. Алғашында  бұл жетімдерге ғана арналған баспана деп еді. Қазір мына пәтерде балалар үйіне қатысы жоқ жандар тұрып жатыр.   

Жетімді жарылқаймын деген Дина Ысқақова «Кемеңгер» журналының бас редакторы екен. Мына фотода 30 жастағы әйел қала әкімінің қолынан марапат алып тұр. Жалған пәтер сатқан ол құрбандарын әкімдікте пәтер кезегінде тұрғандардың тізімінен тапқанға ұқсайды. 

Жанар Төлегенқызы, Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің бас маманы:  

-Ұсталған азаматшаның осы сияқты басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Егер де осы азаматшаның заңсыз әрекетінен зардап шеккен тұрғындар болса Алматы облысы ішкі істер департаментіне хабарласуларыңызға болады.

Мәлімет бойынша, айлакер келіншек бір жарым жылдың ішінде 30 шақты адамнан 100 миллион теңге шамасында жинаған. Бірақ тәртіп сақшылары жәбірленушілер саны әлдеқайда көп болуы мүмкін дейді. Қылмысы дәлелденсе, журналист әйел алдағы он жылында түрменің қабырға газетіне мақалалар жазып отыруы мүмкін.  

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.