{metadescription}
Елімізде жазушыларға бюджет есебінен қаламақы төленіп, кітаптары тегін басылуы мүмкін
Елімізде жазушыларға бюджет есебінен қаламақы төленіп, кітаптары тегін басылуы мүмкін

Елімізде жазушыларға бюджет есебінен қаламақы төленіп, кітаптары тегін басылуы мүмкін

Қаламгерлер үшін қуанышты хабар. Келер жылдан бастап мемлекет жазушыларды жарылқамақшы. Яғни әдебиетшілерге бюджет есебінен қаламақы төленіп, ұрпақ тәрбиесіне қажетті деп танылған құнды кітаптары бес мың данамен басылып шығатын болды. Қазір төл әдебиетті дамытуға бағытталған бұл заң жобасын депутаттар мен мәдениет майталмандары талқылап жатыр. Су жаңа құжат сарапшылардың сүзгісінен кейін парламентке жолданады.

Мәдениет саласына тың серпін беретін жаңа заң жобасының Алматыда талқылануы бекер емес. Ақын-жазушылар шоғырланған, әдеби орта қашан да осы оңтүстік астанада болған. Құжаттың қабылдануына, әсіресе, қалам ұстаған қауым аса мүдделі. Себебі, бұл жолғы заңда жазушыларға бюджет есебінен қаламақы төлеп, шығармаларын тегін кітап етіп басып шығару  қарастырылған. Ол үшін мемлекет есебінен бір жарым миллиард теңге бөлу көзделіп отыр екен. 

Майра Айсина, Мәжіліс депутаты

- Гонорар деген мәселесі шешілуге дайын. Екіншіден республикамызда 5 мыңдай кітапхана бар. Соның екі мыңы ғана заң шеңберінде шығарылып жатқан кітаптарды ала алады. Сондықтан соны 5 мыңға көбейтуіміз керек.

Осылайша төл әдебиетті дамыту мәселесі енді заң арқылы реттелмек. Себебі, соңғы уақытта жазушы деген аттың қадір-қасиеті жоғалып барады дейді қаламгерлер. Атақ-даңққа алданып келген ақын-жазушыларды алаңдататын да сұрақтар бар. Мәселен, бюджет есебінен қаржыландырылып, қаламақысы төленген шығармаларға шектеу көп болуы мүмкін дейді жазушылар. Алайда заң шығарушылар ешкімнің аузына қақпақ қоймай қаламгерлерге шығармашылық еркіндік беріледі деп отыр.

Бекболат Тілеухан, Мәжіліс депутаты

-Көп жағдайда дайын әдебиетті аламыз. Өйткені жазған кезде былай жаз деп айту конституцияға қайшы. Өйткені оның қаламына тұсау беру цензура болып кетеді. Ал цензура конституциямызға томпақ келетін дүние.

Осындай кемшін тұстар болмас үшін аталған заң жобасы ақын-жазушылар мен қоғам қайраткерлерінің талқысына түсіп отыр. Құқықтық құжат сарапшылардың сүзігісінен өткен соң жаңа жылға дейін қабылданады дейді депутаттар. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.