{metadescription}
Елімізде ұшақ билетін негізссіз қымбаттатқан ірі әуе компаниясы тексерілетін болды
Елімізде ұшақ билетін негізссіз қымбаттатқан ірі әуе компаниясы тексерілетін болды

Елімізде ұшақ билетін негізссіз қымбаттатқан ірі әуе компаниясы тексерілетін болды

Бүгін Үкіметте шарықтаған тарифке қатысты біраз тартыс болды. Әсіресе, ішкі рейстердегі ұшақ билетіне қатысты. Іске тіпті премьердің өзі араласып, «Эйр Астананы» дереу тексеруді талап етті. Оның үстіне әуе компаниясы жолақысының өзіндік құны туралы ақпаратты айтпай, жасырып отыр екен. Табиғи монополияларды реттеу комитеті де «Эйр Астана» билет бағасын 40 пайызға дейін көтерді деп айыптап жатыр. Ал құны көтерілген бензинге қатысты түсіндірмені Энергетика министріне жасауға тура келді.

Шенеуніктер Үкімет отырысында өте еркін. Өйткені, мұнда парламенттегідей сынап, сұрақтың астына алатын депутаттар жоқ. Керісінше, кейде министрлер сөздері өтпей жүрген мекемелерге қатысты премьерге  шағымданып жатады. Мәселен, бүгін Қуандық Бишімбаев қарамағындағыларды табалдырығынан аттап бастырмаған «Эйр Астананың»  үстінен Сағынтаевқа мұңын шақты.

Қуандық Бишімбаев, ҚР Ұлттық экономика министрі:

-Табиғи монополияларды реттеу комитеті билеттердің өзіндік құнын анықтауға тырысып жүр. Бірақ, әуе компаниясы ақпарат беруден бас тартты. Енді «Самұрық-Қазынаның» директорлар кеңесінің мүшесі ретінде өзім ресми хат жазамын. Мәліметтерді алған соң, шешім шығарамыз.

Табиғи монополияларға қарсы комитет «Эйр Астана» ішкі рейстерде билеттің бағасын негізсіз 40 пайызға дейін көтерді деп айыптаған болатын. Іссапармен жиі ұшатын Бақытжан Сағынтаев та әуедегі жол ақысын қымбатсынып отыр. Сондықтан премьер еш кедергілерге қарамастан «Эйр Астананы» жіті тексеруді тапсырды.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:

-Меніңше ақпарат алу аса қиын шаруа емес.  Монополияға қарсы заң бойынша жұмыс істеу керек. Істі соңына дейін жеткізіңіздер. Өйткені, ішкі рейстерге қатысты мәселе бар. Әсіресе, «Астана-Алматы» бағыты қымбат.

Бүгінде Астандан Алматыға жету «Эйр Астанамен» жету құны 47 мың шамасында. Әуеден бөлек жерде де қымбатшылық. Өткен аптада жұрт жиі тұтынатын АИ-92 маркалы бензиннің бағасы аяқ асты 130 теңгеге дейін көтерілген болатын. Энергетика министрі мұны былай түсіндірді.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

- Павлодардағы зауытта құрылғы сынды.  Қазір жөнделді. 2-3 күнде іске қосылса, бензин көбірек шығарылатын болады. Сонда нарыққа өзіміздің бензин көбірек келеді, төменгі бағамен.

Яғни, Бозымбаев 10 күннен кейін керісінше, бензиннің құны төмендейді деп уәде берді. Бірнеше жылдан бері күрделі жөндеу жүріп жатқан Шымкент мұнай зауыты іске қосылмақ. Бірақ, жанармай арзандағанымен елімізде ақылы жолдардар ұзартылмақ. 

Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестиция және даму министрі:

-Ақылы жолдардың ұзындығы бір 7 мың шақырымдай болады. Ол жаңа жолдар. Астана-Теміртау, Алматы-Қапшағай, Алматы-Талдықорған және Астана-Павлодар, Павлодар-Өскемен сынды. Бағасы бүгінгі күні жеңіл автомобильге 1 теңге, жүк тасымалдайтын көлікке 15 теңге.

Ал министр ақылы жолдардағы тариф көп өзгермейді деп уәде етті. Үкімет тас жолдан 4 жылда  30 миллиардтан астам теңге пайда түседі деп жоспарлап отыр. Бұл қаржы республикалық маңызды трассалардың шығынына жұмсалмақ.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.