{metadescription}
 Өскеменде әскерде оңбай таяқ жеген сарбаз ауруханада ес-түссіз жатыр
 Өскеменде әскерде оңбай таяқ жеген сарбаз ауруханада ес-түссіз жатыр

Өскеменде әскерде оңбай таяқ жеген сарбаз ауруханада ес-түссіз жатыр

Өскеменде аяусыз соққыға жығылған сарбазға қатысты іс тергелуде. №5518 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеуге келген Жанат Иманбердінің қазір сөйлеуге де шамасы келмей, ауруханада ес-түссіз жатыр. Жауынгердің жақындары сау баланы осындай халге түсірген сондағы үлкен сарбаздар екеніне сенімді. Өйткені Жанат бұған дейін олардан таяқ жегенін туыстарына бірнеше мәрте айтқан екен.

-Жанат мені танисың ба? Жанат сөйлеші, танисың ба мені?

Әскерге өз аяғымен кеткен 19 жастағы азаматтың қазіргі күйі осы. Қатардағы жауынгердің жүріп-тұрмақ түгілі сөйлеуге де шамасы жоқ.

Талдықорғандық Жанат Иманберді биыл маусымда Өскемендегі №5518 әскери бөліміне шақыртылған. Арада 4 ай өткен соң зіңгіттей азамат арбаға таңылып отыр. Жақындары оны осындай өлімші халге түсірген өзінен үлкен сарбаздар деп есептейді.  

Сәкен Ғабдуллин, Ж.Иманбердінің ағасы:

-Бізге ешкім хабарламаған. Тек жаны ашыған мейірбике ғана хабарлап айтқан. Біз содан бері жүгіріп жүрміз. Оны ұрған Қыстаубаев, Әбдіразақ және Мейрамбекұлы. Олар жауапқа бір адамды ғана Қыстаубайды алайын деп отыр. 

Жанат бұған дейін үйіне бір емес, бірнеше мәрте хабарласып өзінің әлімжеттік көріп жүргенін айтыпты. Бірақ туыстары жағдайдың соншалықты ушығарын білмедік дейді. Соққыдан хәлі күрт нашарлаған сарбазды алғашында психикалық диспансерге жатқызыпты. Ал ондағылар оның беті бері қарамасын біліп, кеше ғана туыстарына хабар берген. Ағайыны іске араласқан соң, жауынгер жындыханадан қалалық ауруханаға ауыстырылды. Дәрігерлер болса әскерге жарамды саналған сарбазға «эпилепсия» деген диагноз қойған.

Бақыткүл Жұмақынова, Ж.Иманбердінің нағашы әкпесі:

-Бұл тоғыз айлық кезінен жетім қалған менің сіңлімнің баласы. Бұл әскерге дейін ешқашан ауырмаған дені сау бала болатын. Ол армияға өзі сұранып, барған әскери борышымды өтегім келеді деп.

Әскери бөлім басшылығы болған жайтты нақты түсіндіре алмады алмады. Мұнда әлімжеттік атымен жоқ деп ақталғандар, тек бұл жағдайға қатысты үш сарбаздың үстінен қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Мұхамедияр Айтжан, 5518 әскери бөлім командирінің орынбасары:

-Әскери полицияға қатардағы жауынгер Иманберді Жанат арыз жазыпты. Үш сарбаз жоғарыда көрсетілмеген қарым-қатынас көрсеткен. Сол бойынша әскери полиция қылмыстық іс қозғады. Қазір тексеру жүріп жатыр.

Дәрігерлер Жанаттың қазіргі ауруы уақытша ғана деп отыр. Яғни ол тілге келіп, ақыл-есін қайта жинауы мүмкін. Ал туыстары айыптыларды абақтыға қаматамыз деп, істі қолына алар адвокат іздеуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.