{metadescription}
Алматыда иттердің ерекше жарысы өтті
Алматыда иттердің ерекше жарысы өтті

Алматыда иттердің ерекше жарысы өтті

Төрт аяқтылар өз қожайындарымен бірге уақытқа жарысып, арнайы дайындалған жолда велосипедті сүйреді. Додаға тек жегетін иттер ғана емес, аңшылық пен төбелеске арналған тұқымдары да қатысқан. Қазақстан мен Қырғызстаннан келген 70-тен аса үміткер кім мықтыны анықтап көріпті. Үздіктерге арнайы тағам мен тәттілер және сертификаттар табысталды.

Михей – сібірлік хаски тұқымының өкілі. Ол өз қожайынымен бірге Бішкектен келген. Кинологтардың арнайы дәрістерін алмағанына қарамастан, бұйрықтардың барлығын жақсы түсінеді.

Лола Қарабасова, жарысқа қатысушы: (Қырғызстан)

-Ол – өте сүйкімді жануар. Барлық хаски ондай емес шығар, бірақ менің Михейім сондай. Басқа иттерге өз еркімен шаппайды, ол мысық сияқты сүйкімді. Жарысқа ерекше ниетпен қатысуда.

Хаски, неміс овчаркасы мен аляскалық маламуттармен қатар жарыс жолына жегуге арналмаған иттер де шықты. Тіпті такса мен джек-рассел-терьерді бір орында ұстап тұру мүмкін болмады. Олардың жеңіске деген құштарлықтары керемет.

Наталья Алистратова, жарысқа қатысушы:

–Біз осындай жарысқа бірінші рет қатысқалы отырмыз. Негізінде төрт аяқты досымыз аңшылыққа арналған. Оның белсенді екендігін ескеріп, біз 200 метрлік қашықтықты таңдадық.

Итті жарысқа шығарған әр адам өз мойнына жауапкершілік алады. Себебі, осы сәттен бастап оның мақұлығы досы, серігі әрі отбасының бір мүшесіне айналады. Сондықтан ерекше көңіл мен күтімді талап етеді. Жегуге арналған иттер жыл маусымына қарамастан үнемі жаттығуы тиіс.

Наталья Харламова, ұйымдастырушы:

–Жаттығуларды қар жоқ кезде де жүргізуге тура келеді. Осылайша біз адамдарды спортқа тартпақпыз. Тек қысқы ғана емес, күре жолдарда да жарыстар өтеді.

Өкінішке қарай, күн жылынып, жердің мибатпаққа айналғандықтан иттер велосипедтерді сүйрей алмады.  Сондықтан мәреге бірінші болып жүгіріп келген қожайын жеңіске жетті. Ал ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл спорт түріне кез-келген адам қатыса алады. Оның төрт аяқты досының қандай тұқымнан екені де маңызды емес. Бастысы белсенділік пен өзін көрсетуге деген ниеттің болуы. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде