{metadescription}
 Педофил зорлаған ақтаулық  қыз  аппараттан ажыратылмайтын болды
 Педофил зорлаған ақтаулық  қыз  аппараттан ажыратылмайтын болды

Педофил зорлаған ақтаулық қыз аппараттан ажыратылмайтын болды

Педофил зорлаған ақтаулық 6 жасар қыз өлім аузында жатса да,  жасанды  тыныс алу аппаратынан  ажыратылмайтын болды.  Ал жәбір көрген  қаршадай қызға отандық дәрігерлер түгілі шетелдік медицинаның да көмектесуге қауқары жетпей тұр.

Үш айдан аса уақыт бұрын зорлық көріп, миы өліп қалған Виктория Астанадағы ауруханада ес-түссіз жатыр. Бірақ науқасты аппараттан ажырату түгілі түрлі ем жасауға заң рұқсат етпейді екен. Оның үстіне ми өлген жағдайда оны тірілткен жәйт  дүниежүзінде болмаған. Әзірге емі де табылмапты. Сондықтан  Денсаулық сақтау министрлігі Викторияның анасына ұсыныс айтып, шетелдегі клиникаларына шақырған мамандардың сөзіне сене бермеуге кеңес берді. Айта кетсек, жеткіншекті зорлаған қаскөй қамауда отыр. Ал Викторияның анасы қызының көрер жарығы барына сенімді.

Сәбина Насырова, 6 жасар зорланған қыздың анасы:

-Қызым ақыр соңында өледі деп дәрігерлер ашып айтты. Бірақ  мен ақтық демі үзілгенше күресемін. Кейін өкінгім келмейді. Жақсылыққа сенемін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

18 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде