{metadescription}
Сәбиді аямай ұрған әйел жұртты шошытты
Сәбиді аямай ұрған әйел жұртты шошытты

Сәбиді аямай ұрған әйел жұртты шошытты

Оның кішкентай нәрестені беталды сабап жатқаны видеоға түсіп қалған. Бұл жағдай Алматыдағы «Алтын Орда» базарының маңайындағы үйлердің бірінде болған деген болжам бар.

Жантүршігерлік мына кадрлерде қатігез әйел нәрестені бетінен аяусыз ұруда. Ал сәбидің шырылдап жылап жатқаны анық естіледі. Бұл видеоны тасбауыр әйел 8 жасар қызға әдейі түсіргізген. Ол туралы видеоны алғаш болып көрген Жанар Юсупова есімді әйелге жеткіншектің өзі айтып беріпті. Тіпті, баланы ұрып жатқан өзінің туған анасы көрінеді. Қазір оқиғаның анық-қанығын құқық қорғау органдары тексеруде. Ал, адам шошырлық видео қазір интернетте де қызу талқыға түсіп жатыр. Пайдаланушылардың бірі әйелдің ұрып жатқаны сәби емес, қуыршақ десе, кейбірі тасбауыр ананы дереу жазаға тартуды талап етуде.

Жанар Юсупова:

- 8 жасар қыз ештеңе білмейді ғой. Ол да бала. Бұл кім деп едім, біздің көрші Айгүл тәте деді. Ал, «ана қыз кім» деп едім. Айару деді. Айару видеодағы қыз екен. Баладан алдап сұрап едім, видеоны түсірген өзі екен. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде