{metadescription}
Атырауда бастықтарының былығын әшкерелеген экс-полицей қайта сотқа әкелінді
Атырауда бастықтарының былығын әшкерелеген экс-полицей қайта сотқа әкелінді

Атырауда бастықтарының былығын әшкерелеген экс-полицей қайта сотқа әкелінді

Атырауда атышулы полицейлер ісі сотта қаралып жатыр. Бүгін өткен бірінші отырысқа 9 күдікті әкелінді. Экс-полицейлер қылмыстық кодекстің 6 бабы бойынша айыпталуда. Атырау қалалық ішкі істер басқармасында анықтаушы, жедел уәкіл және тергеуші болғандардың ісі 28 томды құраған.

Ал олардың басшылары болған Атырау қалалық криминалдық полиция бастығы Нұрболат Қабдешев пен аға жедел уәкіл Бейбіт Шалтеновке қатысты қозғалған қылмыстық іс бөлек қаралмақ. Қазір уақытша тергеу қапасына қамалған екеу«топ болып, пайда табу мақсатында қызмет бабын асыра пайдаланды» деп айыпталуда. Сондай-ақ, осы іске негіз болған атышулы хаттың авторы Манарбек Өтеуов те бүгін сотқа әкелінді. Ол бұл жолы 4 бап бойынша жауап бермек. Естеріңізге сала кетейік, Өзбекстан азаматын өлтіріп, 22 жылға сотталған экс-полицей Өтеуов, соңғы сөзінде өзінің тек бұйрықты орындағанын, шын қылмыскерлерді әшкере ететінін айтқан болатын. Артынша, түрмеде жатып түрлі қылмыстар баяндалған, лауазымды тұлғалардың аты-жөні аталған хатты жариялаған еді. Хатта аты аталғандар түгел қамауға алынып, енді сотта жауап беріп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.