{metadescription}
Даниал Ахметов жылусыз қалған Зырянды тексеруге барды
Даниал Ахметов жылусыз қалған Зырянды тексеруге барды

Даниал Ахметов жылусыз қалған Зырянды тексеруге барды

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Зырянды тексеруге барды! Біздің телеарна көрсеткен қысқа дайын емес қала туралы бейнематериалдан кейін жағдайды тікұшақпен барлап өткен Даниал Ахметов жергілікті билікті жерден алып, жерге салды. 

Шаһардың көпқабатты үйлеріндегі жағдайды қарамағындағылардың салғырттығынан деген әкім көмусіз қалған жылу құбырларын тез арада қалпына келтіруді тапсырды. Мәлім болғандай, қалада құбыр ауыстырумен үш мердігер компания айналысқан екен. Бірақ бірде-бірі бұл шаруаны  аяғына дейін атқармаған. Бірінің еңбекақы төлейтін ақшасы болмаса, екіншісінің басшысы ізім-қайым жоғалған. Үшіншісінің де шаруасы өнбепті. Естеріңізге салсақ, Зырян қаласындағы жылу құбырлары күрделі жөндеуден соң көмусіз қалған еді. Енді оны жергілікті билік мердігерге тапсырмай, өздері жөндеуі тиіс.

Даниал Ахметов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

- 4-5 күннің ішінде қалған жұмысты істеуге болады. Оған мүмкіншілік бар. Мен әкімге тапсырма бердім. Өздерінің жұмыскерлері содан кейін «Казцинктің» жұмыскерлерін алып, жөндеу жұмысын бітіру керек.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде