{metadescription}
«КТК» тағы үздік атанды
«КТК» тағы үздік атанды

«КТК» тағы үздік атанды

Алматыда 2016 жылдың үздіктері анықталды. «Жыл таңдауы» байқауында еліміздің ғылым, мәдениет, спорт, бизнес, журналистика және медицина салаларының майталмандары мен үздік ұжымдар марапатталды. Біздің ұжым биыл да жылдағы дәстүрінен жаңылмай, жоғары жетістіктері үшін марапатқа ие болды. «КТК» үздік телеарна деп танылса, әріптесіміз Артур Платонов «Отанға қызмет» номинациясы бойынша үздік деп танылды.

Классикалық музыкаға құлақ салып, естелік суретке түсіп жүргендердің барлығы іштей кім «Жыл таңдауы» атағына лайық деп ойлауда. Өйткені бұл – әлі шара басталмай тұрған кез. Ал одан кейін үздіктерді жариялайтын сәт те ұзақ күттірген жоқ.

- Телеканал КТК - самый рейтинговый отечественный телеканал! Многие казахстанцы начинают день с КТК и заканчивают просмотром новостей на этом же канале.

КТК биыл да дәстүр бойынша «Жыл таңдауы» атағына ие болды. Елдегі нөмірі бірінші арна атағын КТК осымен 17-ші рет алып отыр. Яғни, байқау өткізіле бастаған сәттен бері берілген сыйлықтың толық коллекциясы біздің арнаның қоржынында.

Евгения Деонисьева, «КТК» АҚ коммерциялық қызметінің директоры:

КТК арнасының жүлдесі көрермендердің біздің жұмысымызға берген бағасы. Біз барлығын шын көңілмен жасаймыз. Көрермен соңғы жаңалықтарды, қажетті ақпаратты және сұранысқа ие шоуларды тамашалауы үшін барымызды саламыз.

 «Жыл таңдауы» үздік компанияларға ғана емес, танымал тұлғаларға да беріледі. Биылғы жеңімпаздар қатарында «Портрет недели» бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі Артур Платонов та бар. 12-ші «Алтын адам» мүсіні оған биыл «Отанға қызмет» номинациясы бойынша бұйырған.

Артур Платонов, «Портрет недели» бағдарламасының жүргізушісі:

- «Отанға қызмет» марапаты мен үшін ең басты сый болды. Ол мен үшін жауапкершілігі мол әрі өте құнды болмақ. Маған артылған сенімді әрқашан ақтауға тырысамын.

 «Жыл таңдауы» байқауының өзге де жеңімпаздары анықталды. Биыл олардың саны 18-ге жеткен. Олардың арасында Ермек Тұрсынов, Ақан Сатаев, Зүлфия Ғабидуллина, Владимир Школьник және Дмитрий Петрухин бар. Жыл спортшысы атағын биыл жүзуден еліміздің атынан тұңғыш олимпиада жеңімпазы болған Дмитрий Баландин алды. Ал шығармашылық жетістіктері үшін Жәмила Серкебаева ұйымдастырушылардың марапатына ие болды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

29 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде