{metadescription}
Ақтөбеде содырлар шабуыл жасаған әскери бөлімнің қызметкерлеріне қатысты іс сотқа жетті
Ақтөбеде содырлар шабуыл жасаған әскери бөлімнің қызметкерлеріне қатысты іс сотқа жетті

Ақтөбеде содырлар шабуыл жасаған әскери бөлімнің қызметкерлеріне қатысты іс сотқа жетті

Сол кездегі штаб бастығының қос көмекшісіне дер кезінде радикалдарға қарсы әрекет етпеді деген айып тағылған.

Оқиға болған күні штаб бастығының аға көмекшісі Қайнар Тастанбеков пен Оразжанов есімді кезекші өкіл сол аймаққа жауапты болған еді. Алты ай бұрын сол әскери бөлімнің қақпасына автобусқа мінген содырлар бұзып кіріп, қарсы келген жауынгерлерге оқ ата бастайды. Тергеу кезінде аға көмекшінің бірі өзінің әрекет етпегенін мойындаса, майор Қайнар Тастанбеков тағылған айыппен мүлдем келіспейді. Өйткені, сол күні кезекшілікте болған ол құзырлы органдарға хабар беріп, жауынгерлерді аман алып қалғанын бұрын да айтқан. Тіпті содырларға қарсы оқ атып бетін қайтарыпты. Енді күдікке ілінген офицер атыс кезінде тірі қалғанына күйініп отыр. Істің ақ-қарасын анықтау үшін процесс бірер күнде басталады. Әзірге он үш куәгерден жауап алынатындығы белгілі болды. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде