{metadescription}
Айуандықпен азапталған ақтаулық 6 жасар қыздың денесі  жер қойнына тапсырылды
Айуандықпен азапталған ақтаулық 6 жасар қыздың денесі  жер қойнына тапсырылды

Айуандықпен азапталған ақтаулық 6 жасар қыздың денесі жер қойнына тапсырылды

Қасіретпен көз жұмған бүлдіршінмен қоштасуға туған-туыстарынан бөлек, Ақтау қаласының тұрғындары көп жиналды. Ал Викторияны айуандықпен зорлады деп ұсталған күдіктіге қатысты тергеу амалдары жалғасып жатыр. Оған 5 бірдей бап бойынша айып тағылған.

Викторияны жерлеу рәсіміне келген қарақұрым ел көзге жас алды. Біреулер үнсіз жыласа, біреулер өксігін тыя алмай тұр. Үш ай бойы ауруханада ес-түссіз жатып, ақыры көз жұмған марқұм қыз осылайша жер қойнына тапсырылды.

Әсел Құрманғазина, Ақтау қаласының тұрғыны:

-Біз қызды танымайтын едік. Дегенмен бұл жағдай бәрімізге ауыр тиді. Жұмыстағы әріптестерімізбен келіп, қайғыларына ортақтасып жатырмыз. Біздің ауруға ұшыраған осындай қоғамымызды кешірсе екен дейміз.

Бұл 6 жасар Викторияның азапты өліміне дейінге бірер күн бұрын жазылған видеосы екен. Кішкентай қыз жазғы демалысын қалай өткізгенін айтып отыр. Оның басындағы жағдай туралы сонау тамыз айында белгілі болған еді. Түс әлетінде әжесімен бірге жүрген ол қыз аяқасты жоғалып кетіп, бірнеше сағаттан соң қансыраған күйде қала шетіндегі саяжайдан табылған. Сөйтсе, Ақтаудың 32 жастағы тұрғыны кішкентай қызға ойына келгенін істеген. Ал Виканың өзі Астанадағы Ана мен бала ғылыми орталығында үш ай бойы ес-түссіз жатып, бірер күн бұрын ғана көз жұмды.

Зарина Нұрғазина, Ақтау қаласының тұрғыны:  

- Біз де анамыз. Біздің де балаларымыз бар. Оның ата-аналарының бұл сынаққа барынша сабырмен қарауын тілейміз.

Ал бүлдіршінді зорлады деген күдіктіге қатысты әлі сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Адам ұрлау, зорлау, адам өлтіру сынды бес бірдей айып тағылған қылмыстық іс 11 томды құрапты. Прокурорлар да күдіктіні өмір бойы түрмеге қаматуды көздейді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.