{metadescription}
Каспийде суға батып өлген сарбаздардың офицерлері түрмеге жабылды
Каспийде суға батып өлген сарбаздардың офицерлері түрмеге жабылды

Каспийде суға батып өлген сарбаздардың офицерлері түрмеге жабылды

Ақтауда 4 сарбаздың өліміне қатысты сот үкімі шықты. «Орталық 2015» деп аталатын оқу-жаттығуы жетекшілік еткен 6 бірдей офицерге әртүрлі жаза кесілді. 

-2 жыл 6 айға сотталсын. Қатаң тәртіптегі түрмеге жабылсын.

Бір жылдан астам уақыт бойы қаралған төрт сарбаздың өліміне қатысты даулы іске осылайша нүкте қойылды. Нақтырақ айтқанда, «Батыс» өңірлік қолбасшылығының бұрынғы жетекшісі Мұрат Нұғманов, теңіз жаяу әскері бригадасының командирі Ерболат Толықбаев және оның орынбасары Рашит Жылқайдаров, сондай-ақ, теңіз жаяу әскерінің бөлімше командирі Абай Баймұратов сот залынан абақтыға аттанды. «Өз қызметтерін салғырт атқарды» деген айып тағылған бұл төртеуіне 1 жарым – 2 жарым жыл аралығында жаза кесілді. Ал өзге екі командир – Ерасыл Көбеген мен Бауыржан Төлегенов шартты түрде 6 айға сотталды. Өйткені, бұл екеуі басшылық жасаған әскери техникада адам өлімі болмаған. Еске салайық, қайғылы оқиға былтыр Каспий теңізінде болған. Жаттығу кезінде теңізге түсірілген жаяу әскердің бронды 4 техника суға батып кеткен еді. Өкінішке қарай, олардың ішіндегі 19 бен 23 жас аралығындағы 4 сарбаз шығып үлгермей, тұншығып өлді.

Марина Каплан, адвокат:

-Әрине, біз үкіммен келіспейміз. Судья қатаң үкім тағайындады деп санаймыз. Енді жуық арада апелляциялық шағым түсірмекшіміз.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.