{metadescription}
Елімізде тағы бір отандық фильм көрерменге жол тартты
Елімізде тағы бір отандық фильм көрерменге жол тартты

Елімізде тағы бір отандық фильм көрерменге жол тартты

Киносүйер қауымға көркем сыйлық! Елімізде ертеңнен бастап тағы бір отандық фильм көрерменге жол тартпақ. Романтикалық комедия жанрындағы туындының атауы да өзгеше. «Glaмұр для дур» деп аталатын картинаны танымал режиссер Асқар Ұзабаев түсірген. Онда ауылдан қалаға келіп, жұлдыз болуды армандайтын қыздың басынан өткен жағдайлар көрсетіледі. Фильмде әлеуметтік желіге тәуелділік мәселесі де қозғалған.

Асқар Ұзабаев фильмнің түсіріліміне кірісті дегенді естігеннен-ақ жұрт оны көруге асыққан. Міне, көп ұзамай сол күн де келіп жетті. Су жаңа туындыны бірінші болып басты кейіпкерлердің өздері тамашалады. Жабық көрсетілімге еліміздегі өзге актерлер де шақырылған. Жиналғандарды кино залына асықтырған ерекше фильмнің атауы да өзгеше: «Glaмұр для дур»!

Асқар Ұзабаев, режиссер:

-Мен туындыға бірден елең еткізетін, жұрттың есінде қалатын атау іздедім. Көрермен оны естігеннен-ақ фильмге қызығуы тиіс. Әрі бұл арқылы отандық кино саласына жаңа серпін бергім келді. Себебі, біздің кинолардың көбіне жалықтыратын атаулар беріледі.

Көрермендердің алғашқы көрсетілімнен кейінгі пікіріне қарағанда, фильм сәтті шыққан. Кірпияз киносыншылар да Ұзабаевтың еңбегін жоғары бағалауда.Фильм бастан-аяқ Алматыда түсірілген. Ал оның бюджеті 150 мың долларды құрапты. Туындыда шалғайдағы ауылдан Алматыға қашып келген бойжеткеннің өмірі көрсетіледі. Ұлжанның қалада жалғыз арқасүйер әпкесі бар. Бірақ оның өзі қызды қуана қарсы алмайды.

-Ты зачем приехала?

-Чтобы тебя увидеть!

Басты кейіпкерді «Кешью» тобының әншісі Ақбота Сейітмағамбет сомдаған. Ал, оның әпкесі болып тележүргізуші Әсел Ақбар ойнайды. Бұл екеуінің де кино әлеміндегі алғашқы қадамы екен.

Әсел Ақбар, актриса:

-Кейіпкерім екеуміздің кейбір қылықтарымыз ғана ұқсайды. Ал  шынайы өмірде мен мүлдем басқамын. Отбасым бар. Ал бұл әйел – жұмысқа жан-тәнімен берілген жалғызбасты адам.

Жұлдыз болуды армандаған Ұлжан ақыры дегеніне жетіп, биік белестерді бағындырады. Режиссер бұл фильм де сондай жетістіктерге жетеді деген сенімде. «Glaмұр для дур» ертеңнен бастап үлкен экранға шықпақ. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде