{metadescription}
Астанада мектепте қайтыс болған оқушының жүрегі тоқтап қалған болуы мүмкін
Астанада мектепте қайтыс болған оқушының жүрегі тоқтап қалған болуы мүмкін

Астанада мектепте қайтыс болған оқушының жүрегі тоқтап қалған болуы мүмкін

Астанадағы мектептердің бірінде қайғылы оқиға! Сабақ бітіп үзіліске қоңырау соғылғанда 8-ші сынып оқушысы кабинеттен шыға бере, есінен танып құлапты. 14 жастағы Темірлан Диқанбаев ұстаздар мен сыныптастарының көзінше, сол жерде тіл тартпай кеткен.

- Талып қалған. Сол жерде б3рден  көмек көрсеттік. Мектепте ешқандай төбелес болған жоқ.

Ұстаздар Темірланға көмек көрсеткенімен, ажалдан құтқарып қала алмады. Жедел-жәрдем жетем дегенше, жеткіншек қайтыс болған. Қазір Астанадағы ең мақтаулы №59-шы мектептің ұжымы қайғылы жәйттен ес жия алар емес. Бір анығы жасөспірімнің денесінен соққы іздері табылмаған. Қазір полиция тексеру жүргізіп, өлімнің нақты себебін анықтайтын сот-медицина сараптамасының қортындысын күтіп отыр. Десек те, болжам бойынша, Темірлан Диқанбаевтың жүрегі ұстап қалған болуы мүмкін.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.