{metadescription}
Оралда бургер жеп уланғандар 3 миллион теңге өтемақы талап етті
Оралда бургер жеп уланғандар 3 миллион теңге өтемақы талап етті

Оралда бургер жеп уланғандар 3 миллион теңге өтемақы талап етті

Оралда бургер жеп уланғандар әкімшілік сотқа арыз түсірді. Жұртты улаған кафенің тұтынушыларға келтірген шығыны 3 миллион теңгеден асады.

Ал 28 адамды аурухана төсегіне таңған дерт дәмхананың аспазынан жұққан екен. Сальмонеллез ауруын таратқан сол болып шықты. Бургерден кесел жұқтырғандардың арасында кішкентай балалар мен аяғы ауру әйел де бар. Қоғамдық тамақтандыру орнының иесіне қатысты қазір қылмыстық іс қозғалған. Өзі ешқайда шықпау туралы қолхатпен үйінде жүр. Ал астан ауру тапқандардың 24-і сотқа шағым түсірді. Сотта оларды тұтынушылар құқығын қорғау департаменті қолдап отыр.

Роза Хасенова, Орал қалалық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасы басшысының орынбасары:

- 24 жапа шегушінің әрқайсысына 100 мың теңгеден, тағы үшеуіне 30 мың теңгеден өтемақы берілуі тиіс. Сондай-ақ, осы кісілердің ем-домы үшін де 100 мың теңгеден төлеуі керек. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.