{metadescription}
Шығыста теміржолда ірі апат болып,жолаушылар пойыздары  далада тұрып қалған
Шығыста теміржолда ірі апат болып,жолаушылар пойыздары  далада тұрып қалған

Шығыста теміржолда ірі апат болып,жолаушылар пойыздары далада тұрып қалған

Шығыс Қазақстанда жүк пойызы апатқа ұшырады. Көмір тиеген 12 вагон Семейден 72 шақырым жерде рельстен шығып, төңкеріліп қалған.

47 вагоннан құралған жүк пойызы Семейден Ақтоғай станциясына бағыт алған екен. Оның аударылуына вагондардан шыққан ақау себеп болған көрінеді. Оқыс оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Дегенмен, 400 метрдей рельс қирап қалды. Бүлінген  аймақты қалпына келтіру жұмыстарына 70 адам жұмылдырған. Бүгінде зақым келген аумақ толықтай калыпқа келтірілді. Бірақ 5 бірдей жолаушылар пойызы 9 сағатқа кестеден кешіккен. Ал ондағы жұртты Шар станциясынан Семейге жеткізу үшін арнайы автобустар бөлініпті. Қазір құзырлы орындар теміржол апатына қатысты тексеріс жүргізуде. Сонымен қатар, келтірілген шығын да есептеліп жатыр.  

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде