{metadescription}
Қазақстан мұнай өндіруді тәулігіне 20 мың тоннаға азайтты
Қазақстан мұнай өндіруді тәулігіне 20 мың тоннаға азайтты

Қазақстан мұнай өндіруді тәулігіне 20 мың тоннаға азайтты

Ірі мұнай өндіруші мемлекет ретінде, еліміз ОПЕК-пен осындай келісім жасасқан. Энергетика министрінің ойынша, бұл межені орындау түк қиын емес.

Бір анығы - қысқарту Қашағанның есебінен жүргізілмейді. Елімізде одан басқа кеніштер жеткілікті. Оның үстіне Қазақстан өткен айда тәулігіне 2 миллион тонна мұнай өндіріпті. Сондықтан кемігелі жатқан 20 мың тоннадан ұтылмайды екенбіз. Сонымен қатар, Қарағашығанақ, Теңіз, тіпті жақында ғана іске қосылған Қашаған да қуатын арттырып келеді. Тапшылықтың болуы мүмкін емес деген Энергетика министрі жалғыз Қазақстан емес, ОПЕК-ке мүше мемлекеттер мұнай өндіруді тәулігіне 1 миллион 200 тоннға қысқартып жатқанын айтты. Ал бұл ұйымға кірмейтін ірі мұнай өндіруші елдер  560 мың тоннаға азайтуға міндет алған.    

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

-Әлемде артық мұнай қоры көп. Жарты жыл ішінде қоймаларда жиналып қалған қара алтыннан құтылмайынша ахуал өзгермейді. Ол таусылған соң нарық реттеле бастайды. Баға да өсуі мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

13 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде