Семейде жер үйлерді су басып жатыр
Семейдің іргесіндегі ықшамауданды бірнеше күннен бері су басып жатыр. Бүгінде көтерілген жер асты суы жер үйлердің аулалары мен көшелеріне түгелдей жайылып, қатып қалған.
Автор: Ұлан Нұрахмет
13.12.2016
Вера Пономаренко, Семей қаласының тұрғыны:
-Өзіміз бітелген арықтарды тазаладық. Суды тоқтату үшін таңғы сағат 9-дан кешкі алтыға дейін алыстық. Қапқа салып, күл де төседік. Бәрібір үйге жайылып кетті.
Қазір күн суытқандықтан көшелер мен аулалар мұз қалашығына айналған. Тұрғындар, қора-қопсысына жету үшін қалыңдығы шамамен 30 см болатын мұзды ойып әлек. Олардың қысқа дайындаған отын-сулары мен жертөледегі азықтары жарамсыз болып қалған. Ал көшелерінде тау- тау болып үйіліп жатқан құм, тас сияқты қалдық материал мен мұздың кесірінен көлік жүруден қалыпты. Сондықтан жұрт ағаш пен көмірге қайта тапсырыс бере алмай отыр. Ең сорақысы, әжетханадағы қалдықтар қалқып сыртқа шыққан. Салдарынан, төңіректі қолқаны қабатын иіс жайлады. Енді, жұрт жұқпалы дерт тарайма деп алаңдаулы. Ал жергілікті билік ешқандай қауіптің жоқтығын айтып, жайбарақат отыр.
Асан Дүйсембаев, Семей қалалық тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі:
-Бұл табиғи дүние. Нақтырақ айтқанда орманды алқаптан жерасты суы көтерілді. Төтенше жағдай қызметкерлері шамалары жеткенше оны тазалаған болатын. Қазір, барлығы қатып жатыр. Бірақ, тұрғындарға қар мен мұзды шығару үшін техника бөлінеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!