{metadescription}
Ақтөбеде «Ағайынды төртеу» мафиясына қатысты жаңа дерек шықты
Ақтөбеде «Ағайынды төртеу» мафиясына қатысты жаңа дерек шықты

Ақтөбеде «Ағайынды төртеу» мафиясына қатысты жаңа дерек шықты

Ақтөбеде ұрланған мұнайды қылмыстық топ Ресейге де тасымалдап отырған. Олар қара алтынды көрші елге жеткізу үшін жалған құжаттар пайдаланыпты. Сондай-ақ, мұнай қорын сақтауға жанармай бекетін жалға алып, екі компанияны мемлекеттік тіркеуден өткізген. Ал мұның барлығын құзырлы органдардағы адамдары іске асырған көрінеді.

Мұнай ұрлығына қатысты қылмыстық топ мүшелерінің әр қиымылын Еркін Ізбасар бақылауда ұстап отырған. Сотта оқылған айыптауда «Ағайынды төртеу» серкесінің айтқанын Мұхамедьянов, Сәрсенов және Қайырбаев бұлжытпай орындап отырғаны көрсетілген. Соңғы екеуі ұрланған мұнайды өткізетін жер іздеп, оны тасымалдауды өз мойындарына алыпты. Отыз жастағы Нұрболат Қайырбаев жүк көлігін айдай алатын төрт ауылдасын ұйымға тартады. Ал Еркін Ізбасар бастаған топтың жетекшілері барлық сұрақтарды жеке кездесіп шешіп отырған. Бұл қитұрқы әрекеттің шеті биыл сәуірде белгілі болыпты. Ұрланған 97 мың литр мұнайды Ресейге апара жатқан жүк көлігі ұсталып, ұйымға қатыстыларды анықтауға сол септігін тигізген көрінеді. Бұл іс бойынша күдіктілерді ұстау әлі жалғасып жатыр. Әзірге олардың он екісі ғана қамауға алынған.

Зинаида Шмирова, Ақтөбе қалалық сотының судьясы:

-Ізбасар құрған топ ұйымдасқан түрде, бір кісідей жұмыс істеген. Ұзақ уақыт бойы қылмыстарын жүзеге асырды. Еркін Ізбасар мүшелеріне атқаратын істерін бөліп беріп, бәрін алдын ала жоспарлапты. Қылмыстық топ мүшелері бір-бірімен тығыз байланыста болып, телефон арқылы белгі беріп, кездесетін жерлерін айтып отырған. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде