Назарбаев Ұлттық банк төрағасын кабинетіне шақыртты
Теңгенің нығаюы Ұлттық банк төрағасының мерейін өсіргендей. Бүгін президент кабинетіне келген Данияр Ақышев ұлттық валютаның тұрақталғанын айтумен болды.
Автор: Ербол Сейілхан
13.12.2016
Бас банкирдің көңіліне демеу болатыны - 11 айдың қортындысы. Осы желтоқсан айында теңге 3,4 пайызға беки түскен. Инфляция да ауыздықтала бастапты. Ол қазір 7,5 пайыздың төңірегінде. Ақышевтің баяндамасын тыңдаған Елбасы нарықты доллардан ығыстыру операциясын жалғастыра беруге пәрмен берді. Ал Ұлттық банк төрағасы еркін айналымға жіберілген теңгенің сатылымына мүлдем араласпаған.
Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банк төрағасы:
-Ұлттық банк валюта саудасына мүлдем қатыспайды. Яғни, курс еркін айналымда. Қыркүйектен бастап араласқанымыз жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!