{metadescription}
 Қазақ елі ең басты ұлттық мейрамы  Тәуелсіздік күнін атап өтіп жатыр
 Қазақ елі ең басты ұлттық мейрамы  Тәуелсіздік күнін атап өтіп жатыр

Қазақ елі ең басты ұлттық мейрамы Тәуелсіздік күнін атап өтіп жатыр

Дербестікке – 25 жыл! Бүгін Алтай мен Атыраудың арасындағы ұлан ғайыр Ұлы Дала елі ең басты ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күнін атап өтіп жатыр. Елімізде демалыс жарияланып, қаладан шалғайдағы ауылдарға дейін мерекелік шаралар өтуде. Екінші мүшелден абыроймен асқан Қазақстан қазір аяққа нық тұрған, дүниежүзі таныған мемлекетке айналды.

Әрине, 25 жыл аз да, көп те уақыт емес. Бірақ бұл жаста адамның толысып жетілетін шағы. Сол сияқты Қазақ елі де, небір тоқыраудан қаймықпай өтіп, әлем картасынан ойып тұрып орын алды.  Егемендік алғаннан бергі жасалған ауқымды реформалар экономикаға жаңа серпін беріп, халықтың тұрмысы бірте-бірте оңалып келеді. Ал Кеңес одағының құрамынан ең соңғы болып бөлініп шыққан Қазақстан үшін бүгін нағыз тарихи күн. 16-шы желтоқсанда Жоғарғы Кеңес Тәуелсіздік декларациясын қабылдап, тарихи құжатқа Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған болатын. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.