{metadescription}
 45 елдің азаматы Қазақстанға визасыз келетін болды
 45 елдің азаматы Қазақстанға визасыз келетін болды

45 елдің азаматы Қазақстанға визасыз келетін болды

ЭКСПО-ға байланысты елімізге визасыз келуге рұқсат етілген шет мемлекеттердің саны артты. 1-ші қаңтардан бастап Қазақстан аумағына 45 елдің азаматтары виза ашпай-ақ, емін-еркін кіре алады.

АҚШ, Түркия, Франция, Щвейцария, Жапония, Италия, Корея, Біріккен Араб Әмірліктері сынды мемлекеттердің туристері визасыз 30 күнге дейін жүруге құқылы. Ал Германия, Италия, Ұлыбритания, Малайзия сияқты экономикасы дамыған, саяси тұрақты және қауіпсіз 48 мемлекеттің дипломат, инвесторларына виза ашу барынша жеңілдетілген. Яғни, бұл мемлекеттің азаматтарына бұрынғыдай Қазақстаннан арнайы шақырту керек емес. Тек шекарадағы өткізу бекетінен тіркеуден өтсе болғаны. Бұл келесі жылы жазда өтетін халықаралық көрмеге келушілер мен қазақ жерінде бизнес ашуға ниеттілер үшін жасалған жағдай. ЭКСПО-ға дәл осы жеңілдікті пайдаланып  500 мыңнан астам шетелдік келеді деп күтілуде.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде