{metadescription}
Елімізде отандық көліктерге деген сұраныс төмендеп барады
Елімізде отандық көліктерге деген сұраныс төмендеп барады

Елімізде отандық көліктерге деген сұраныс төмендеп барады

Мәселен, биыл Қазақстанда құрастырылған темір тұлпарлар былтырғымен салыстырғанда 56 пайызға аз сатылған.

Бұл туралы бүгін «ҚазАвтоӨндіріс» одағының басшысы мәлімдеді. Олег Алферовтың айтуынша, соңғы 11 айда 38 мың 800 отандық жеңіл көлік өз иесін тапқан. Ал 2015 жылы халықтың сұранысы бұдан екі есе көп болған екен. Мамандар көлік нарығындағы дағдарысты доллар бағамының қымбаттауымен байланыстырып отыр. Сондықтан соңғы бір жылда көлік өндірісінің көлемі де айтарлықтай азайған. Атап айтқанда, жыл басынан бері Өскемен, Қостанай қалаларындағы зауыттардан бар-жоғы 10 мыңнан астам автомобиль шығарылыпты.

Олег Алферов, «ҚазАвтоӨндіріс» одағының басқарма төрағасы:

-Жылдың екінші жартысында еліміздегі қаржы нарығы тұрақтала бастады. Сондықтан қазан айынан бастап көлік саудасы да біраз көбейді. Төртінші тоқсанда шамамен 12 мың отандық машина сатылды. Осылайша жыл соңына дейін өткізілген көлік саны 42 мыңға жетеді деп болжануда. Бірақ бұл былтырғы көрсеткіштен екі есе аз. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде