{metadescription}
Экспоға келетін туристер студенттердің жатақханасына да жататын болды
Экспоға келетін туристер студенттердің жатақханасына да жататын болды

Экспоға келетін туристер студенттердің жатақханасына да жататын болды

ЭКСПО көрмесіне келетін шетелдік меймандар бес жұлдызды қонақ үйде ғана емес, студенттердің жатақханасына да жататын болды. Мақтауы асырылған көрмеге келетін туристерді Елордадағы қонақ үйлер сыйдыра алмағандықтан, ұлттық компания ректорлардан көмек сұрапты.

Ерлан Сыдықов, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры:

-Мына жатар орындар проблема. Қонақ үйлер жетпейді. Сондықтан жоғарғы оқу орындары өздерінің жатақханаларын босатып беруге әзір. Өйткені, бұл ұлттық жоба ғой сондықтан бәріміз де ат салысуымыз керек. Түсіністікпен қарауымыз керек.

Ал қонақтарға жатақханадағы орнын босатып беруі тиіс мыңдаған студент жаппай каникулға жіберіледі. Көрменің маусымда басталатынын ескерсек, университеттерде сабақ та, емтихан да, осы мерзімге дейін бітіп болуы тиіс.

ЭКСПО қыркүйекке дейін созылатындықтан сәйкесінше жаңа оқу жылының басталуы да кейінге шегерілмекші. Көрмеге 2 миллионнан астам турист келетіндіктен, енді студенттердің жатақханалары жөндеу көріп, жаңарып қалмақ.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде