{metadescription}
Ақтаулықтар жаңа жылды отшашусыз қарсы алмақ
Ақтаулықтар жаңа жылды отшашусыз қарсы алмақ

Ақтаулықтар жаңа жылды отшашусыз қарсы алмақ

Қауіпсіздікті ойлаған жергілікті тәртіп сақшылары қазірден бастап, базарлар мен өзге де сауда орындарында заңсыз пиротехниканың сатылмауын бақылауға алыпты. Ал бенгал шырақтары мен петарда және өзге де отшашуларды әкеліп, сатуға рұқсат тек бір компанияға берілген. Оның өзі қала ішіндегі мерекелік шараларды ғана отшашумен безендірмек.

Полицейлердің айтуынша, кәсіпкерлердің тиісті құжаттары болмауына байланысты биыл пиротехника сатуға мүлдем рұқсат жоқ. Бірақ мереке алдында қомақты қаржы табуды ойлаған базбіреулер бұған қарамастан жасырын сауданы қыздырған. Жақында олардың кейбірі ұсталып, тіпті іс сотқа жолданыпты. Ал базар басшылары заң алдында жауапкершілікке тартылудан қорқатындықтарын  ашық айтып отыр. Сол себепті де, өз аумақтарында пиротехникалық заттарды сатуға тыйым салған. Тәртіп сақшылары болса Жаңа жылға дейін де, одан кейін де оқыс жағдайлар болмас үшін пиротехникалық заттардың сатылмауын 5-ші қаңтарға дейін қадағалаймыз дейді.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде