{metadescription}
 Ұлттық қауіпсіздік комитеті тәкбіршілердің ұяшықтарын талқандады
 Ұлттық қауіпсіздік комитеті тәкбіршілердің ұяшықтарын талқандады

Ұлттық қауіпсіздік комитеті тәкбіршілердің ұяшықтарын талқандады

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы, Ақтөбе, Атырау облысындағы тәкбіршілердің ұяшықтарын талқандады. Екі күннің ішінде біткен арнайы операция кезінде "Әт-Такфир уәл-Хижра" экстремистік ұйымының 33 мүшесі ұсталған.

Радикалдардың пәтерлерін тінту кезінде компьютер, діни кітаптар, дискілер мен ірі көлемде ақша табылған. Ұйымның 7 белсенді мүшесі сот санкциясымен қамауға алынды. Қалғандары тергеуге көмектесетінін айтқандықтан іске кәугер ретінде тартылмақ. Тергеушілерге жауап беру кезінде ұсталғандар идеологиясын халық арасында қалай насихаттағанын, кімдерден бағыт-бағдар алып отырғандарын айтыпты. Арнайы қызметтің мәліметінше, дінінен адасқандар шетелден басқарылған. «Әл-Каида», ДАИШ сынды лаңкестің топтардың идеологиясын ұстанып, Қазақстанда халифат орнатқысы келетіндер енді заң алдында жауап береді. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.